– Елімізде азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру мақсатында кешенді іс-шаралар қолға алынды. Бұл форумның алдында барлық аймақта жиындар өткізіліп, нақты ұсыныстар жинақталды. Үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық кеңестердің өзекті мәселелерді шешу, заң жобаларын талқылау ісіндегі белсенділігі болашақта жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін. Осындай басқосулар бұл бағыттағы жұмысты жандандыратыны сөзсіз», – деді Данияр Рамазанұлы.
