Баршаңызды 25 қазан — Республика күнімен құттықтаймыз! Осыдан 32 жыл бұрын қабылданған Егемендік туралы декларация — дербестікті дəлелдеп, азаттықты əйгілеген, ел еңсесін тіктеген тарихи құжат. Сондықтан, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының айтулы күнді қайта жаңғыртып, ұлттық мереке ретінде мəртебесін үстем еткені — жұртшылық жылы қабылдаған құтты қадам.
Тəуелсіздік жылдары жас мемлекетіміз аяқтан нық тұрып, əлем алдында өзіндік орнын қалыптастырды. Отанымыздағы тамырын терең тартқан татулық пен бірлік, бейбітшілік пен келісім мемлекеттілігімізді нығайтып, тəуелсіздік тұғырын бекіте түсті. Егемен елдің шежіресін толықтырған толайым табыстар мен жарқын жетістіктер жолында Отанын сүйген, еңбекке бас иген əрбір қазақстандықтың үлесі бар. Алдағы уақытта да жұдырықтай жұмылып, өскен өңірдің, байтақ еліміздің беделін арттыра берейік!
Құрметті жерлестер!
Мерейлі мерекеде бəріңізге зор денсаулық, отбасылық бақыт, еңбекте жаңа жетістіктер тілейміз. Тəуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болғай!