Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МƏН-МАҢЫЗЫ АЙТЫЛДЫ

РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МƏН-МАҢЫЗЫ АЙТЫЛДЫ

14.05.2022
111

Бұдан бұрын жазғанымыздай, ҚР Парламентінің депутаттары Лəззат Рысбекова мен Снежанна Имашева Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесті. Мақсат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сəйкес, биылғы 5 маусымға белгіленген бүкілхалықтық референдумға ұсынылған конституциялық реформаны талқылау. Іс-шараны облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. «Тəуелсіз ел тарихындағы үшінші республикалық референдум саяси жүйені жаңғыртуға жаңаша жол ашатыны анық. Мемлекет басшысы маңызды өзгерістерді тұтас елдің таразысына салып, басты заңды барша халықтың қатысуымен жаңартуды жөн деп тапты. Мұның өзі ел тағдырына немқұрайлы қарамайтын əрбір азаматқа сын екені сөзсіз. Біз, облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері, мұны бір кісідей түсінеміз. Жалпы қазақстандықтар референдумның салмағын сезінеді деп ойлаймын», – деді Ербол Ғұмарұлы.

Парламент Сенатының депутаты Лəззат Рысбекова референдумда халық қолдау білдірсе, өзгертулер мен толықтырулар Конституцияның үштен бір бөлігін қамтитынын айтып, ұсынылған түзетулерге тоқталды. Қысқаша қайырсақ, коституциялық реформа суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға көшуді көздейді. Бұл өз кезегінде президенттік институттың барынша дербес болуын қамтамасыз етеді. Мəселен, жобаға сай мемлекет басшысының өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болуға, ал оның жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қызметтерін атқаруға қақысы жоқ. Президент облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерін тағайындар алдында жергілікіті мəслихат депутаттарының келісімін алу үшін кемінде 2 кандидатураны ұсынатын болады. Сондай-ақ, Президенттің аудан, қала, ауылдық округ әкімдерін лауазымынан босату туралы құзыретін алып тастау көзделген. Ал Тұңғыш Президенттің мәртебесі мен өкілеттіктері Конституциямен және конституциялық заңмен айқындалатыны туралы 46-баптың 4-тармағы Ата Заңнан алынып тасталады.

Сенатор Лəззат Тұяқбайқызы осы жəне өзге де жаңашылдықтар туралы жан-жақты баяндап берді. Коституциялық реформада қазірдің өзінде қарапайым халықтың зор қолдауына ие болған тұс – азаматтардың құқықтарын қорғау тəсілдерін жетілдіру жолдары. Бір ғана мысал, жобаға сай Конституциялық Кеңес Конституциялық Сот болып қайта құрылады. Мұндағы азаматтар үшін жағымды жаңалық, олар Конституциялық Сотқа өтініш беру құқығына ие бола алады. Осыған дейін Конституциялық Кеңесте жеке азаматтардың өтініштері қабылданбайтын. Өзгеріс азаматтардың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын жоғары деңгейде қорғауға мүмкіндік береді. Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің де құқықтық мəртебесін күшейту көзделген.

Парламент Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша қазақстандықтар референдумға қатысып, азаматтық көзқарасын танытуы өте маңызды. «Бұл конституциялық реформа – уақыт талабы. Президенттің маңызды түзетулерді Парламенттің құзырына қалдырмай, бүкіл халықтың талқысына салуында үлкен мəн бар. Сондықтан, көзқарас қандай болған күннің өзінде де 5 маусымда азаматтық ұстанымды білдіру – қай-қайсымыздың да міндетіміз. Барлық қазақстандықты референдумға қатысуға шақырамын», – деді Снежанна Валерьевна.

БҚО Қоғамдық кеңес мүшелері республикалық референдумның тарихи маңызына тоқталып, конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді.

09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
05.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.
24.03.23

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер енгізу мəселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер…
21.03.23

ҚАДІРЛІ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – əз Наурызбен құттықтаймыз! Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Бұл – ескі жылды ой елегінен…
22.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Айгүл Есекенованың төрағалығымен консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылымның төралқа отырысы өткізілді.

Онда 3 мəселе қаралды. Алдымен «Діни әдебиетті жəне діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы…
17.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов түрлі салада еңбек етіп жатқан белсенді жастармен жүздесті.

Іс-шараны облыстық қоғамдық кеңестегі жастар мəселелері жəне қоғамдық мониторинг жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Біржан Кухаев ашып, жүргізді. Алдымен жиналғандарға облыстық…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңес отырысының күн тəртібінде 6 мəселе қаралды.

Соның ішінде облыстық қоғамдық кеңестің мемлекеттік сатып алу аясындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының сапасына жүргізген мониторингінің қорытындысы туралы баяндамалар тыңдалып, мəселе жан-жақты…
01.02.23

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып отырамыз.

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты. Жиында өңірдегі өзекті мəселелер көтеріліп, облыс əкіміне бірқатар…
21.01.23

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.
13.01.23

Өкінішке қарай, өңірде құрылысы тұралаған нысандар мен күрделі жөндеу жұмыстары жоспардан ауытқыған жобалар жоқ емес.

Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру барысында атқарушы құрылымдар мен мердігерлер бірқатар кедергіге кезігетінін де айтып жүр. БҚО қоғамдық кеңесі бұл бағытта…
10.01.23

ЖОСПАР ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында консультативтік-кеңесші құрылымның биылғы бірінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарының жобасы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, осы…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]