Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар ШАЛАҒАЙ АУДАРМАДАН ҚАШАН АРЫЛАМЫЗ?

ШАЛАҒАЙ АУДАРМАДАН ҚАШАН АРЫЛАМЫЗ?

14.10.2022
75

Астана қаласында өтіп жатқан Қоғамдық кеңестердің ІІІ республикалық Мəжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлеген БҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов НҚА қарауға қатысты бірқатар мəселені көтерді. Оның айтуынша осы бағыттағы кейбір отырыстарда он жерден талқылау болса да, нəтиже – нөл. Себебін де тарқатып түсіндірді.

– Биыл қаралған 55 құжаттың қатарында, мысалы, «БҚО бойынша үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидалары туралы» және «БҚО бойынша жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидалары туралы» мәселелер талқыланды. Тиісті мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар жолданды. Ұсынылған түзетулердің басым бөлігі министрліктен келген типтік Ережелер жобасындағы мемлекеттік тіл мен орыс тіліндегі нұсқалардағы сәйкессіздіктен туындады. Қысқасы, Заңның не Ереженің жобасы орыс тілінде жазылып, кейін мемлекеттік тілге шалағай аударма жасалатыны жасырын емес. Тәуелсіздіктің төртінші он жылдығына аяқ басқан тұста түпнұсқа мәтіннің мемлекеттік тілде жазылуы туралы айтып жатудың өзі артық. Өкініштісі сол, типтік ереже деген желеумен мемлекеттік органдар тарапынан Қоғамдық кеңестің ұсынған нұсқасы қабылданған жоқ, – деген Ербол Ғұмарұлы мұндай мысалдың аз емес екенін ашық айтты. Ол осы жерде тағы бір мәселеге назар аудартты.

– Қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдардың кейбір нормативтік құқықтық актілерін отырыстың күн тәртібіне шығармауға құқығы бар. Бірақ, Әділет органдары Қоғамдық кеңестерде қаралмаған құжатты тіркемейді. Ал отырыста қарап, Қоғамдық кеңес мүшелерінің көзқарасын, ел-жұрттың пікірін ескеріп ұсыныс берген күннің өзінде де талқыға түскен жобаның бір әрпі де өзгертілместен қабылданатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Сонда «Қоғамдық кеңесте қаралсын» деген түсініксіз талаптың, шалағай шарттың не керегі бар?, – деді Ербол Ғұмарұлы.

13.07.23

«БАЙҚАУЛАРҒА ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕР ҚАТЫСПАСЫН!»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Светлана Тенишева әлеуметтік тапсырыстарға қатысты ұсыныс білдірді….
13.07.23

«ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНА ҚАТЫСҚАНДАРҒА ҚОЛДАУ КЕРЕК»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Мәрлен Иманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ұрыс…
13.07.23

«ҰСЫНЫСТАР ҰМЫТЫЛМАСА ДЕЙМІЗ»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Мусилов жергілікті атқарушы құрылымдардың жұмысын сынға алды….
13.07.23

ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ ӘЛЕГІ КӨП

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арыстанова қоғамдық ұйымдарға…
13.07.23

Жаңалық

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар байқауына үкіметтік емес ұйымдармен қатар өзге де ірілі-ұсақты бірлестіктер, тіпті пәтер иелері кооперативтері де қатыса алады. Біздің…
08.06.23

Баптистер заңға неге бағынбайды?..

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жиында қоғам белсенділері өңірдегі діни ахуалды және облыс әкімдігі-нің мемлекеттік қызмет, білім,…
01.06.23

Ескі жылдың есебі түйінделді

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюповтың баяндауынша, бюджеттік түсімдер…
09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
04.05.23

Автогрейдер, бульдозер жүргізушілері тапшы

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда былтырғы білім мен  жол салаларындағы атқарылған жұмыс, бюджет қаржысының игерілу барысы қаралды. Отырысты аталмыш кеңестің …
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
11.04.23

«Бюджет қаржысын бөлгенде мұқият болу керек»

Таяуда  облыстық  қоғамдық кеңестің кезекті  отырысы  өтті. Онда   облыстық  мәслихаттың  2022  жылғы 14 желтоқсандағы №16-1 «2023-2025 жылдарға  арналған облыстық бюджет …
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]