Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар Төралқа отырысы өткізілді

Төралқа отырысы өткізілді

04.11.2020
269

Аймақта асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау үшін 4 млрд. теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр. Облыстық қоғамдық кеңестің төралқа отырысында жергілікті бюджеттің нақтыланған шешім жобасын таныстырған тиісті басқарма басшысы Тілепберген Каюпов осындай мəлімет келтірді. Қазына қаржысының біраз бөлігі жол құрылысына, индустриалды инфрақұрылымды дамытуға, білім, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік салаға жұмсалады. Қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов пен төралқа мүшелерін пандемияның болуы ықтимал екінші толқынына дайындық барысы алаңдатты. Қазірдің өзінде өңірде қауіпті індеттің ілмегіне іліккендер қайтадан тіркеліп жатыр, аурудан айыққан азаматтардың коронавирусты қайталап жұқтыру мүмкін екені де расталып отыр. Қоғамдық кеңес мүшелері бірінші толқын барысында жіберген кемшіліктерден сабақ алып, жергілікті атқарушы органның күні бұрын қамданып, ширақ қимылдағанын қалайтынын ашық айтты. Облыстық экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы медицина саласына қажетті қаржы бөлінгенін, қалыптасқан жағдайға байланысты жан-жақты дайындық жүргізіліп жатқанын жеткізді. Осы ретте орта медициналық мамандарды даярлауға мемлекеттік гранттардың санын арттыру бастамасы да қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қолдау тапты.

Төралқа отырысында облыс əкімі аппаратындағы лауазымды адамдардың азаматтарды жеке қабылдауы регламентінің жобасы қаралды. Аталған аппараттың өтініштер бөлімінің басшысы Ақжеміс Сағаденованың сөзінше жоба жоғары атқарушы органның үлгілік ережесіне сай жасақталған. Қоғамдық кеңес мүшелері регламентті мақұлдағанымен, азаматтардың арыз-шағымымен жұмыстанғанда жоғары жауапкершіліктің болуын қаперледі. Төралқа мүшелері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасының түпкі мақсаты билік пен бұқараның байланысын бекемдеу екенін еске салды. Кейде лауазымды тұлғаларға талап-тілегін айта баратындардың арасында мəселесі сол бойда-ақ шешілетін немесе шұғыл әрекетті қажетсінетін жағдайлар болады. Сондайда қатып қалған регламентпен əлеуметті əуре-сарсаңға салмай, ортақ тіл табысып, жедел əрекет етудің маңызы жоғары. Төралқа мүшелері облыс əкімі аппаратының бөлім басшысына осындай ақыл-кеңесін айтып, азаматтарды қабылдауға атүсті қарамауды қадап айтты. Төралқа құрамындағы еңбек ардагерлері өмірлік мысалдар келтіріп, тәжірибесімен бөлісті.
Төралқа отырысының күн тəртібінде бұдан бөлек облыстық мəслихаттың кейбір шешіміне өзгеріс енгізу, елді мекендердің әкімшілік-аумақтық құрылысы, мал шаруашылығының өнімділігін арттыру, елді мекендердің аумағында иттер мен мысықтарды асырау жəне серуендету қағидаларына қатысты төрт мəселе қаралды.

Төралқа отырысы санитарлық талаптарға сай zoom платформасы арқылы онлайн режімде өткізілді.

30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кеше Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға 23 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелерімен, облыс…
30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҮШ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде өзекті мәселелер, атап айтқанда 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет пен ҚР Әлеуметтік…
21.11.23

Болашаққа басталған қадамдар жүзеге асуда

2019 жылдың 19 наурызында Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшысының міндетін атқару ҚР Парламенті сенатының…
17.11.23

Құрметті Ауыл шаруашылығының азаматтары, барша әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасында қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтілетін еліміздің Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен өзімнің және облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан…
19.10.23

«МӘЖІЛІСТІҢ ЕСІГІ ӘРДАЙЫМ АШЫҚ»

«Біз өз тарапымыздан азаматтық қоғам өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс істеп келеміз. Мәжілістің есігі сіздерге әрдайым ашық. Қоғамның барлық…
18.10.23

«Бүгінгі алқалы жиынның аясы кең.

Біз халықаралық деңгейде диалог алаңын ұйымдастыру арқылы жан-жақты пікір алысамыз». Дәстүрлі форумда сөз алған Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева…
18.10.23

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Данияр Қадыров форумның ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

– Елімізде азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру мақсатында кешенді іс-шаралар қолға алынды. Бұл форумның алдында барлық аймақта жиындар өткізіліп, нақты ұсыныстар…
18.10.23

«Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты

Астана қаласында «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты Қазақстанның Азаматтық форумы басталды. Биыл…
13.07.23

«БАЙҚАУЛАРҒА ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕР ҚАТЫСПАСЫН!»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Светлана Тенишева әлеуметтік тапсырыстарға қатысты ұсыныс білдірді….
13.07.23

«ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНА ҚАТЫСҚАНДАРҒА ҚОЛДАУ КЕРЕК»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Мәрлен Иманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ұрыс…
13.07.23

«ҰСЫНЫСТАР ҰМЫТЫЛМАСА ДЕЙМІЗ»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Мусилов жергілікті атқарушы құрылымдардың жұмысын сынға алды….
13.07.23

ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ ӘЛЕГІ КӨП

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арыстанова қоғамдық ұйымдарға…
13.07.23

Жаңалық

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар байқауына үкіметтік емес ұйымдармен қатар өзге де ірілі-ұсақты бірлестіктер, тіпті пәтер иелері кооперативтері де қатыса алады. Біздің…
08.06.23

Баптистер заңға неге бағынбайды?..

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жиында қоғам белсенділері өңірдегі діни ахуалды және облыс әкімдігі-нің мемлекеттік қызмет, білім,…
01.06.23

Ескі жылдың есебі түйінделді

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюповтың баяндауынша, бюджеттік түсімдер…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]