Облыстық қоғамдық кеңестің төралқа отырысында 2 мəселе қаралды. Күн тəртібіне сəйкес Жаңақала ауданының кейбір елді мекендерінің əкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы аталған аудан әкімінің орынбасары Асқар Мұқамбетжанов хабарлама жасады. Сондай-ақ, БҚО мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы мəселе қаралды. Төралқа мүшелері екі мəселе бойынша да тиянақты зерттеу жұмыстары жүргізілгенін ескеріп, келісім берді.

