Құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өткізілді. Іс-шараны аталған комиссияның төрайымы Жансұлу Менешқызы ашып, жүргізді. Комиссия мүшелері жылдық жоспарды пысықтап, бағыт-бағдарды айқындады. Сондай-ақ тұрғындардан түскен ұсыныстарға зер салды.
Айта кетейік, ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сəйкес Қоғамдық кеңестерге жергілікті құқық қорғау органдары басшыларының есебін тыңдау құзіреті берілген еді. Бұл өз кезегінде тұрақты комиссия жұмысын да жаңа деңгейге көтеретіні анық.