ҚР Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің ұйымдастыруымен zoom платформасы арқылы онлайн семинар өткізілді. Еліміздің барлық аймағы қамтылған жиынға БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Ғұмарұлы Салықов, облыстық мəслихат аппаратының басшысы Əділ Тауфикұлы Жоламанов, облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері қатысты. Айта кетейік, 2015 жылы қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға биыл бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген еді. Оның барлығы аталған консультативтік-кеңесші органның өкілеттігін ұлғайту арқылы қызметін күшейтуді көздейді. Семинар барысында жаңашылдықтар жан-жақты түсіндіріліп, қоғамдық кеңестерге бағыт-бағдар берілді.

