Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар "ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНЕ "ЕРЕКШЕ МЕМЛЕКЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР СУ ОБЪЕКТІСІ" МƏРТЕБЕСІ БЕРІЛУ КЕРЕК"

«ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНЕ «ЕРЕКШЕ МЕМЛЕКЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР СУ ОБЪЕКТІСІ» МƏРТЕБЕСІ БЕРІЛУ КЕРЕК»

19.07.2022
90

Бұл ұсынысты БҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов «Қоршаған ортаны және трансшекаралық өзендерді, оның ішінде Жайық өзенін қорғау жөніндегі ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде айтты. Іс-шараға Парламент жəне мəслихат депутаттары, өзімізбен қатар көрші елден сала басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, тəжірибелі мамандар мен экологтар қатысты.

– Өңірде өзендер тартылып, көлдер кеуіп жатыр. Мысал ретінде Жалтыркөл қорықшасын алайық. Оған Көшім өзенінің жоғарғы ағысы, Итбатыр және Жалтыркөл жағалаулары кірген еді. Аумағы 19 мың га. Көл жағалауында қоға, қамыс қаулап өсті. Айналада аң-құстың, ал су айдындарында балықтың түр-түрі болды. Қорықшаның қазіргі сиқын көрсеңіз, бір кезде нулы, сулы жер болды деуге сену қиын. Өзен-көлдердің мүшкіл халі флора мен фаунаға да кері әсерін тигізді. Кезінде тұтас ауданды асырап отырған Еділсор көлінің тағдыры да осындай. Жығылғанға жұдырық, кепкен көлдердің табанынан тұз көтерілсе, халықтың денсаулығына да қауіп төнері сөз. Жайық суға жарымаған соң, оның бойындағы орман алқабының қурап жатқаны жөнінде де мамандар дабыл қағып келеді. Кейінгі жылдары қуаңшылықтың зардабын тартқан еңбек адамдарының да шаруасы шатқаяқтап кетті. Шүкір, биыл көктем мен жаз шаруалар үшін қолайлы болды. Бірақ бұл көкейтесті мәселе күн тәртібінен түсті деген сөз емес, – деді Ербол Ғұмарұлы. Ол оңтүстік аудандарды сумен қамтамасыз ету үшін Ресей Федерациясынан су сатып алуға бөлінген қаржы көбейгенімен, инфляцияның әсері, су тарифі мен рубльдің құбылуы салдарынан межелі мақсатқа қол жеткізу қиындап кеткеніне тоқталды.

– Сатып алынған су көлемі өзендердің ағынын сақтауға ғана мүмкіндік береді. Біздің пікірімізше, келешекте қаржылық мүмкіндікті қайта қарап, көрші елден суды мейлінше мол алудың шұғыл шараларын қабылдауымыз қажет. Сол арқылы өзендердің ағынын сақтаудан бөлек, Казталов, Бөкей Ордасы, Жаңақала аудандарындағы кеуіп қалған су қоймалары мен көлдерді де толтырғанымыз дұрыс, – деді ол өз сөзінде.

Облыстық Қоғамдық кеңес төрағасының ойынша Жайық өзеніне «ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектісі» мәртебесі берілуі керек. Айта кетейік, 2004 жылы Үкімет қаулысымен бекітілген еліміздегі «ерекше маңызды өзендер» қатарына Жайық өзені енбей қалған.

– Арнайы мәртебенің жоқтығы ортақ мәселені шешу жолдарын белгілі бір деңгейде тұралатып тұрғаны түсінікті. БҚО Қоғамдық кеңесінің бұл ұсынысы бүгінгі жиында нәтижеге бағытталған ортақ келісімнің бірі болса дейміз, – деп түйіндеді Ербол Ғұмарұлы.

09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
05.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.
24.03.23

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер енгізу мəселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер…
21.03.23

ҚАДІРЛІ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – əз Наурызбен құттықтаймыз! Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Бұл – ескі жылды ой елегінен…
22.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Айгүл Есекенованың төрағалығымен консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылымның төралқа отырысы өткізілді.

Онда 3 мəселе қаралды. Алдымен «Діни әдебиетті жəне діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы…
17.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов түрлі салада еңбек етіп жатқан белсенді жастармен жүздесті.

Іс-шараны облыстық қоғамдық кеңестегі жастар мəселелері жəне қоғамдық мониторинг жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Біржан Кухаев ашып, жүргізді. Алдымен жиналғандарға облыстық…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңес отырысының күн тəртібінде 6 мəселе қаралды.

Соның ішінде облыстық қоғамдық кеңестің мемлекеттік сатып алу аясындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының сапасына жүргізген мониторингінің қорытындысы туралы баяндамалар тыңдалып, мəселе жан-жақты…
01.02.23

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып отырамыз.

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты. Жиында өңірдегі өзекті мəселелер көтеріліп, облыс əкіміне бірқатар…
21.01.23

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.
13.01.23

Өкінішке қарай, өңірде құрылысы тұралаған нысандар мен күрделі жөндеу жұмыстары жоспардан ауытқыған жобалар жоқ емес.

Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру барысында атқарушы құрылымдар мен мердігерлер бірқатар кедергіге кезігетінін де айтып жүр. БҚО қоғамдық кеңесі бұл бағытта…
10.01.23

ЖОСПАР ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында консультативтік-кеңесші құрылымның биылғы бірінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарының жобасы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, осы…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]