Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар «ЖАСТАР ӘСКЕРДЕН ЖАЛТАРЫП ЖҮР»

«ЖАСТАР ӘСКЕРДЕН ЖАЛТАРЫП ЖҮР»

13.05.2022
145

ҚР Парламеннің депутаттары Ләззат Рысбекова және Снежанна Имашеваның БҚО Қоғамдық кеңесі мүшелерімен кездесуінде аталған консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылымның мүшесі Марлен Иманғалиев осылай деді. Оның ойынша қазіргі жаһандық геосаяси жағдайда жастардың отансүйгіштік сезімін арттыру бұрынғыдан бетер маңызды.

«Жаман айтпай, жақсы жоқ. Ел басына күн туса, қорған болар жастардың қатары қалың деп айта алмаймын. Жас ұрпақ арасында әскерге барудан жалтаратындар көбейді. Бұрынғы заман мен қазіргі кезеңді салыстырсақ, арасы жер мен көктей. Өз көзіммен куә болдым, биыл бір округте әскерге шақырылушы 50 жастың тек екеуі ғана Отан алдындағы борышын өтеуге аттанатын болды. Қалғаны не күндізгі бөлімде оқитын студент, не денсаулығы жарамды емес, не тағы басқа белгілі-белгісіз себептер. Әскери билетті аз уақыттың ішінде ақылы алуға әуестеніп алғандар аз емес. «БҚО бойынша таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы ретінде, жалпы ел азаматы ретінде мені бұл мәселе қатты алаңдатады. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі ғой», – деді Марлен Ғилманұлы.

Қоғамдық кеңес мүшесінің пікіріне келіскен сенатор Ләззат Рысбекова әскери әлеуетті арттырып, жастардың патриоттық сезімін тереңдетудің маңыздылығына тоқталды. Дегенмен, бұл салаға да нақты өзгерістердің қажеттілігін алға тартты. «Жуырда әскери бөлімдердің бірінде болған қайғылы жағдай көпшілікті алаңдатқаны рас. Президент айтқандай, бейбіт күнде балаларын әскерге жіберген ата-ана олардың қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек. Бұл – мемлекеттің мойнындағы міндет. Сондықтан, бұл саланы да реформалау қажет деп ойлаймын», – деді Ләззат Тұяқбайқызы.

30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кеше Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға 23 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелерімен, облыс…
30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҮШ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде өзекті мәселелер, атап айтқанда 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет пен ҚР Әлеуметтік…
21.11.23

Болашаққа басталған қадамдар жүзеге асуда

2019 жылдың 19 наурызында Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшысының міндетін атқару ҚР Парламенті сенатының…
17.11.23

Құрметті Ауыл шаруашылығының азаматтары, барша әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасында қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтілетін еліміздің Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен өзімнің және облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан…
19.10.23

«МӘЖІЛІСТІҢ ЕСІГІ ӘРДАЙЫМ АШЫҚ»

«Біз өз тарапымыздан азаматтық қоғам өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс істеп келеміз. Мәжілістің есігі сіздерге әрдайым ашық. Қоғамның барлық…
18.10.23

«Бүгінгі алқалы жиынның аясы кең.

Біз халықаралық деңгейде диалог алаңын ұйымдастыру арқылы жан-жақты пікір алысамыз». Дәстүрлі форумда сөз алған Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева…
18.10.23

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Данияр Қадыров форумның ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

– Елімізде азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру мақсатында кешенді іс-шаралар қолға алынды. Бұл форумның алдында барлық аймақта жиындар өткізіліп, нақты ұсыныстар…
18.10.23

«Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты

Астана қаласында «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты Қазақстанның Азаматтық форумы басталды. Биыл…
13.07.23

«БАЙҚАУЛАРҒА ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕР ҚАТЫСПАСЫН!»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Светлана Тенишева әлеуметтік тапсырыстарға қатысты ұсыныс білдірді….
13.07.23

«ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНА ҚАТЫСҚАНДАРҒА ҚОЛДАУ КЕРЕК»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Мәрлен Иманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ұрыс…
13.07.23

«ҰСЫНЫСТАР ҰМЫТЫЛМАСА ДЕЙМІЗ»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Мусилов жергілікті атқарушы құрылымдардың жұмысын сынға алды….
13.07.23

ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ ӘЛЕГІ КӨП

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арыстанова қоғамдық ұйымдарға…
13.07.23

Жаңалық

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар байқауына үкіметтік емес ұйымдармен қатар өзге де ірілі-ұсақты бірлестіктер, тіпті пәтер иелері кооперативтері де қатыса алады. Біздің…
08.06.23

Баптистер заңға неге бағынбайды?..

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жиында қоғам белсенділері өңірдегі діни ахуалды және облыс әкімдігі-нің мемлекеттік қызмет, білім,…
01.06.23

Ескі жылдың есебі түйінделді

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюповтың баяндауынша, бюджеттік түсімдер…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]