Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар Жергілікті жұртты ашындырып алмайық!

Жергілікті жұртты ашындырып алмайық!

05.10.2022
141

Көрші елдің басшысы ішінара мобилизация жариялағалы бері Ресейден өңірімізге ресейліктердің көптеп келуі Жайық жұртын алаңдатып отырғаны жасырын емес. Осыған орай облыстық қоғамдық кеңесте көші-қон ахуалы мен облыстағы жағдайды бақылау іс-шаралары туралы мəселе қаралды. Басқосуға облыс əкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, облыстық мəслихаттың хатшысы Бибігүл Қонысбаева, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов қатысты.

Көші-қон басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дулат Малаевтың мəлімдеуінше, қыркүйек айының 21-29-ы күндері аралығында БҚО мен Ресей Федерациясы шекарасындағы 6 кеден бекетінен 49 464 ресейлік өткен. Оның ішінде 18-ден 55 жас аралығындағы 38 мыңнан астам ер-азамат бар. Осы кезеңде ел аумағынан шығып кеткендер саны – 4108. Теміржолмен, ұшақтармен жəне аутобекеттер арқылы Қазақстанның басқа қалаларына кеткендердің саны – 3224, ұзын саны 13 570 азаматты қабылдаушы тұлғалардан хабарламалар бар. Ресейлік 49 094 адам аутомобиль өткізу бекеттерінен, «Сырым» өткізу бекетінен – 16 862, «Тасқаладан» – 13 141, «Жəнібектен» – 5028, «Ақсайдан» – 6082, «Шағаннан» – 6788, «Ордадан» 1193 көрші елдің азаматы өткен. Шыңғырлау теміржол өткізу бекеті арқылы – 35, «Орал» əуежай өткізу бекетінен 335 адам келді. Қыркүйектің
30-ы күнгі мəлімет бойынша, облыс аумағында 21 769 ресейлік тіркелді. Олардың ішінен халықаралық жүк тасымалы бойынша – 1861, еңбек қызметін жүзеге асырумен — 1189, жеке іссапармен — 18 471, оқуға — 22, тұрақты тұруға — 5, туризм бойынша – 89, транзитпен 112 адам келгені белгілі болды. Облыс аумағында Ресейдің 3961 азаматы тұрақты түрде тұрады. Жыл басынан бері 427 адам тұрақты тұруға қалдыру өтінішін берсе, оның 278-іне рұқсат берілген. Ағымдағы жыл басынан тұрақты тұру ықтиярхатымен 325 ресейлік құжаттандырылды. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға 29 адам өтініш білдіріп, 11-і азаматтық алды.
ҚР ҰҚК шекара қызметі бойынша департаментінің аға консультанты Саламат Кенжеғұловтың хабарлауынша, қыркүйектің 20-сынан бері алты шекара бекеті ресейлік мигранттардың көптігіне қарамастан барлық өткізу бекеті штаттық режімде жұмыс істеуде. Шекаралық бекеттерде тəулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
– Бір тəулікте (29 қыркүйекте) Батыс Қазақстан облысының шекарасы арқылы 12 928 адам шығып-кірді.
Қыркүйектің 20-нан 30-на дейінгі күндер аралығында облысқа 15 928 ресейлік келді. Шекара бекеттерінде Ресей жағында көліктердің жиналып қалуы байқалады. Біздің тарапта ондай жоқ, тек «Сырым» бекетінде Қазақстаннан тысқары жерлерге шығатын жүк көліктерінің кептелісі бар, – деді шекара қызметінің өкілі. Хабарламаны орыс тілінде жасаған ағаконсультантқа облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин орынды ескерту жасады. «Өзіңіз қызмет ететін мемлекетке, туған еліңізге, Отаныңызға деген құрметтің басты белгісінің бірі – мемлекеттік тілде сөйлеу. Сіздің мемлекеттік тілге немқұрайлығыңыз біздің намысымызға тиеді. Бұл – біріншіден, екіншіден, «Естіген құлақта жазық жоқ» дегендей, ел ішінде шекара бекеттерінен шекарашылар тексеруге үлгере алмай ма, əлде басқа да факторлардың əсерінен бе белгісіз, ресейліктер бермен қарай еркін өтіп жатыр деген сөз бар. Мұны жоққа шығарасыз ба, əлде растайсыз ба?» – деп сұрақты төтесінен қойды Бауыржан Файзоллаұлы. «Жоққа шығарамын», — деп мемлекеттік тілде жауап берді
С.Кенжеғұлов. «Халық арасында айтылып жүрген сөздің бəрін негізсіз деуге болмайды. Мыңдаған келушілердің баршасын сүттен ақ, судан таза дей алмаймыз.
Сондықтан халық сіздерден қырағылықты талап етіп отыр. Қазір тəуліктің жарық мезгілі күн санап қысқарып келеді. Ал тепсе, темір үзетін жастағы ресейліктер топ-тобымен көшеде өріп жүр. Халық мектептен шығатын қаршадай балалардың, кішкентай қыз балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы», – деді қоғамдық кеңес мүшесі Б.Ғұбайдуллин. Шекара қызметінің өкілі шекарадан өтетіндердің баршасының құжаты, техника құралдары тексерілетінін, Ресей жағынан көбірек тексерілетінін айтты.
Мұндай жауапқа кеңес мүшелері қанағаттанбады. Келімсектердің сотты болғаны, ЖИТС-ті (СПИД) жұқтырған-жұқтырмағанын, мемлекетімізге қарсы арандатушылық əрекеттермен, наркобизнеспен айналысқаны жөніндегі жəне басқа да өткеніне қатысты ақпараттардың тексерілмейтіні ашындырды. «Сонда нені тексересіздер?» – деп сұрады аталмыш кеңес мүшесі Нұрлан Сəдір.
«Мұндай ақпараттарды тексеру шекара қызметінің міндетіне кірмейді», – деді хабарламашы. «Қазақстан Қырым Республикасын мойындаған жоқ.
Қала көшелерінде Қырымның мемлекеттік нөмірлі көліктері жүр, олар қалай кірген?» — деп сұрады Н.Сəдір. «Олар көлік тасымалдағыштармен кірген шығар. Біз азаматтардың құжаттарын, көліктің техпаспортын тексереміз, дұрыс болса, еш кедергі жоқ», – деді шекарашы. Нақты жауап болмаған соң бұл сауалды сəл кейін полиция департаментінің өкіліне қойды жиналғандар. Полиция қызметінің өкілі Қырымнан келген көлікті кіргізбеуге еш тосқауыл қойылмағанын айтты. Қатысушылардың ірқатары шекара асып келгендердің қоғамға қауіптілігін білу мақсатында Ресей жағынан тиісті ақпараттар базасын сұрату қажеттігі жөнінде жоғарыға ұсыныс жасау қажеттігін ескертті. «Келушілердің ішінен елімізге кіргізілмей қайтарылған кісілер болды ма, қанша адам өтпеді?» деген сауалға да шекара қызметі өкілі қанағаттанарлықтай жауап қайтара алмады. Əрине,
мұндай жағдай көпшіліктің ашуын келтірді. «Сонда шекарашылар менің елімнің шекарасын кім келсе де, «Қош келдіңіз» деп айқара ашып отырғаны ма?», — деп шүйлікті шекарашыға қоғамдық кеңес мүшесі Азамат Мусилов. Бірқатар өткір сұраққа толымды жауабы болмаған өкілдің жиынға еш дайындықсыз келгені аңғарылып тұрды. Мұны кеңес төрағасы да ескертті.
Келесі хабарламашы БҚО полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы, полиция полковнигі Мерхат Əженов сөзінің «бісміллəсін» орысша бастады. Бірақ оны залдағылар қолдамай, алдымен мемлекеттік тілде баян етуін сұрады. «Орысша түсінбейтін адамдар бар», – деген ескертуді құлағына ілмей, ресми тілде сөйлей жөнелген хабарламашыны əрең тоқтатқандай болды залдағылар. «Баяндамаңызды мемлекеттік тілде жасауыңызды талап етіп отырмыз. Егер мемлекеттік тілді білмесеңіз, сіз аттестациядан қалай өттіңіз? Мен Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшысының жанындағы кеңесші құрылымның мүшесімін. Сіз азаматтардың талабын аяқасты етіп отырсыз», – деп ескертті Бауыржан Ғұбайдуллин.
Басқарма басшысы: «Келесіде қазақша болады», – дей беріп еді, ұстанымы берік қоғамдық кеңес мүшесі: «Жоқ, қазір бастаңыз», – деп табанды түрде талап етіп, оның сөзін шорт кесті. Осылайша орыс тілінде дайындалып келіп мінберге көтерілген басшы орнына кері отырды. Оның орнына мемлекеттік тілде сөйлейтін орынбасары, полиция подполковнигі Ернар Сұлтанғалиев шықты. Орынбасардың баяндауына қарағанда, 21 қыркүйектен бастап полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режімде жұмыс істеуде. Қазақстан мен Ресей арасындағы кеден бекеттерінде тəулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, 38 полицей қызмет атқаруда. Ресейден келушілер орналасқан орындарда («Атамекен» турбазада, «Гала» ресторанында, «Самал» жазғы лагерінде) полиция қызметкерлері мен арнайы жасақтан барлығы 5 адам қызмет етеді. Еріктілер
теміржол бекеті алаңында жиын ұйымдастыруда. Онда 4 қызметкер тəулік бойы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Мұндай қызмет «Сити центр» сауда орталығында да ұйымдастырылған.
Облыс бойынша қоғамдық жəне жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 470 қызметкер, 85 автокөлік жұмылған.
Орал қаласында ресейліктер жалдаған 427 пəтерді, хостелдерді 8 топ күнделікті тексеруді жалғастыруда. Онда тек шара қолданылмайды, сонымен қатар түсінік жұмыстары жүргізіледі. Шетелдіктер заң бойынша елімізде 90 күн бола алады.

Қабылдаушы тарап ол азаматтар жөнінде үш тəулік ішінде полиция құрылымдарына хабарлауы тиіс. Бір аптадан астам уақыт ішінде өңірге келген ресейліктер тарапынан қылмыс атаулы тіркелген жоқ. Ал оларға қатысты үш қылмыс тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бөрлі ауданында 27 қыркүйекте озбырлық фактісі тіркелді.
Екіншісі – тонау фактісі, 28 қыркүйекте Оралда (Ресей азаматынан 40 000 теңге тартып алған) орын алды. 29 қыркүйекте алаяқтық фактісі (жəбірленушіге 70 000 теңге шығын келтірген) тіркеліп, тергеу жүргізілуде. Жыл басынан бергі мерзімде өңір аумағында Ресей азаматтары 17 қылмыс жасап, тиісті жазаларын алды. Солардың тарапынан 1396 əкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. 21 қыркүйектен бастап ресейлік азаматтар тарапынан қылмыс тіркелмегенімен, олар 43 əкімшілік құқықбұзушылық
жасады. Подполковник Сұлтанғалиевке «Келіп жатқандардың қаншасы осы жерде қалады, қаншасы əрі асады деген бағытта сараптама жасалады ма?» деген сұрақ қойылды. «Келушілердің ішінде бала-шағасымен жүргендер бар. Өзіміздің балаларымызға мектептен орын таба алмай отырғанда, 90 күн бойы қай білім ұясында оқытамыз? Одан басқа əлеуметтік жағдай, азық-түлік мəселесі бар. Осының бəрі, өңірдің мүмкіндігі ескеріле ме?» – деп сұрады Азамат Мусилов. «90 күн бойы шетелдік азамат қайда барарын өзі біледі. Оған заң бойынша шектеу жоқ. Келісімшарт бойынша жұмысқа тұрған болса, онда бір жылға дейін тұра алады. Ал балаларын орналастыру мəселесі менің құзыретіме жатпайды», – деді Е. Сұлтанғалиев.
Облыстық қоғамдық кеңес отырысында ресейліктерді қабылдаушы 54 батысқазақстандыққа қатысты ҚР ƏҚБтК-ның 518-бабы «Олармен бірге жүрген көшіп келушілер туралы ішкі істер құрылымдарына уақтылы хабарламау» бойынша əкімшілік хаттамалар толтырылғаны мəлім болды. Ресей азаматтарына баспананы жалға берген жалдамалы пəтерлердің мекенжайлары да олардың кəсіпкерлік қызметінің заңдылығын анықтау мақсатында БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.

Басқосуға қатысушылар Ресейден келушілердің құқықтық мəртебесі (қандас та, босқын да емес) айқындалмағанын, жалға алынған үйлердің тізімі əрі қарай жұмыстануға кірістер департаментіне берілетіні жайында сұрап білді. Уақытша келген азаматтар жіті тексерілмегенімен, тұрақты тұруға келген азаматтардың саусақ іздері алынып, тиісті анықтама (сотталғаны т.б.) құжаттары сұралатыны айтылды. Көші-қон қызметінің өкілі шетелдіктердің қаншасының тұрақтап қалатыны, қаншасының əрі қарай кететіні жөнінде сараптама жоқ екенін айтты.
– Жыл басынан бері облыс бойынша еліміздің азаматтығын алуға 18 қандас өтініш білдірді. Биылғы 21 қыркүйектен бергі уақытта олардың саны 20-дан асты. Ресейден қандастарымыздың елге келуіне орай БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы жанынан «Қандас» бағдарламасы аясында уақытша орналастыру орталығы ашылады. Онда тегін қызмет көрсетіледі,тұратын орнын белгілейміз, заңгерлік, психологиялық көмек көрсетіледі. Келесі аптада
орталықтың жұмысымен таныстырамыз. Өткен жексенбіде бір топ ерікті ұсыныспен шықты. Сол ұсыныс негізінде бірқатар орналастыру орнын белгіледік.

Еріктілерге келген адамдарды отбасымен келгендердің, транзитпен кетуге ниеттілердің, ер-азаматтардың санын біліп отыру тапсырылды. Қазір белгіленген орындарда бір мыңнан астам адам орналасты. Ең ұзақ болғандары, яғни 90 пайызы үш күн тұрып, авиарейстермен Алматыға, Астанаға, Атырауға, Ақтауға, Өзбекстанға, Грузияға, Үндістанға, Шри-Ланкаға жəне басқа мемлекеттерге асуда. Шекарадағы жұмыс бойынша үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Облыс əкімінің төрағалығымен өзекті
мəселелерді талқылаған үш мəрте кеңес өтті. Біздің өңірде тіркелгендердің саны кіргендердің санына қарағанда аз. Транзиттік өңір ретінде облыс арқылы ресейліктер көп кірді. ҚР азаматтарына, соның ішінде жалдамалы пəтерге кісі жіберетін азаматтарға SMS-пен қажетті ақпарат хабарлама жолданады. Əрине, келушілердің өздері тіркелуге мүдделі болуы тиіс. Бірақ кезінде елімізге инвесторлар тарту мақсатында туристерді қабылдаушы тарап өздері тіркейтін болған. Мынадай жағдай болатынын кім білген, – деді Бақытжан Нарымбетов.
Облыс əкімінің орынбасарының сөзінше, əр түрлі мақсаттағы сапарларын аяқтап енді елге кіруге кезек күткен өз еліміздің азаматтары ресейліктермен бір кезекте тұрып, пəленбай сағаттап кезекте тұрып, жүйкесін тоздырып, қиындық көруде. Осыған байланысты облыс басшылығы Үкіметке тиісті ұсыныстар жіберген. Бұған қоса шетелдіктердің логистикаға байланысты мəселелерін шешу үшін пойыз бағыттарына қосымша вагондар тіркеу, əуе рейстерін көбейту жөнінде ұсыныстар жолданған.
Өңірімізге отбасымен келгендер əзірше кідіруде. Шекара қызметі ұсынған мəлімет бойынша қыркүйектің 28-інде келген адамдардың санынан 30-ы күнгі кіргендер саны екі есе азайды. Ресей жағында тұрған жеңіл көліктер саны да мүлдем азайған.
Осы үрдіс жалғасын тапса, жағдай тұрақталады.
Басқосуға қатысушылар өз ұсыныстарын айтты. Азамат Мусилов теміржол бекетіндегі көліктер кептелісіне, таксишілердің жүгенсіздігіне байланысты (ресейліктер кеткенше) мобильдік полиция тобын тəуліктік кезекшілікке қою қажеттігін айтты. Ақын Дариға Мұштанова халықты ковид кезіндегідей жағдаймен таныстырып отыратын мəліметтермен (сводка) қамтамасыз етуді ұсынды. «Елдің санасында 100 жыл бұрынғы үстемдік ұялап қалды. Қасіретті көп кешкен халық, сондықтан қорыққаннан сұрап отыр. Оған жауырды жаба тоқып, көлегейлейтін қадамға баруға болмайды деп есептеймін. Оның үстіне Ресей жағынан жұтқа ұшыраған аштар келе жатырғандай алдарынан тамақ алып шығып, тіпті тартатын темекісіне дейін əперіп, жергілікті жұрттың намысына тиіп, ашу-ызасын қоздыратындай əрекеттер жасалды. Ондайды тасалау жерде істеу керек шығар. Мұндағы жергілікті
жұрттың өзі қымбатшылықтың құрсауында үрпиіп отырғанда, əлгі əсіре жанашырлық оқыстау болып кетті», — деп Дариға Ғазезқызы көптің көкейіндегі сөзді айтты.

Гүлбаршын Əжігереева,
zhaikpress.kz

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]