Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар ЖҰМЫС ТОПТАРЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯЛАДЫ

ЖҰМЫС ТОПТАРЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯЛАДЫ

20.04.2021
224

Осыған дейін облыстық қоғамдық кеңес денсаулық сақтау саласын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жұмыс топтарын жасақтағанын хабарлаған едік. Төралқа отырысында жұмыс тобының жетекшілері атқарған іс-шараларын қорытындылап, соның негізінде бірқатар ұсыныс білдірді.

Мəселен, облыстық қоғамдық кеңестің хатшысы Ақсерік Əйтімов сала ардагерлерімен бірге қаладағы №1, №3, №5 жəне №6 емханаларға аяқтай барып, қалыптасқан ахуалға зер салды. Емделушілермен, дəрігерлермен дидарласқан Ақсерік Сарыұлы медицина саласында кадр тапшылығы, халық санына шаққанда жүктеменің тығыздығы, ақпараттық жүйенің дұрыс жолға қойылмауы, медициналық университеттердегі оқудың ұзақтығы, қала дəрігерлеріне əлеуметтік көмектің жоқтығы сияқты негізгі мəселелерді жіпке тізді. Ол облыс орталығында орналасқан медицина мамандарын даярлайтын қос колледжді қаржылай қолдауға басымдық беру қажеттігіне тоқталды.

Қоғамдық кеңес мүшесі Людмила Щукина өңірдегі 21 денсаулық сақтау нысанына жүргізген талдау қорытындысын жариялады. «Барлық мекемеде пациенттерді қолдау қызметі жасақталған. Бұл қызметті одан əрі жандандырып, тұрғындар үшін тиімділігін арттыру керек деп ойлаймын. Тағы бір мəселе — мекеменің қаржылық қызметін жүзеге асыруда жауапкершіліктің жалғыз бас дəрігерге түсетіні. Əсіресе, бюджеті миллиардтан асатын облыстық жəне қалалық көпбейінді ауруханалардағы жағдай алаңдатады. Бұл бір жағынан бас дəрігердің жұмысын қиындатса, екіншіден жариялылық пен ашықтыққа кері əсерін тигізіп отыр», — дейді Людмила Юрьевна.

Облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері Айгүл Есекенова мен Бибігүл Қонысбаева денсаулық сақтау саласында қолданыстағы заңнама, нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс білдіріп, пікір алысты. Мəселен, Бибігүл Тишанқызының ойынша, жергілікті халық санына байланысты ауруханаларды мəртебесінен айыру қаншалықты өзін ақтағанына көп жағдайда мəн берілмейді. «Бұл жерде заңнама талаптарынан бөлек, жергілікті жердің болашағына, адам тағдырына алаңдауымыз қажет. Ауылдық жерлердегі медициналық қызметтің сапасы да бұған тікелей байланысты», — дейді қоғамдық кеңестің мүшесі.

Онлайн режимде өткен жиында əдеттегідей абитуриенттерге ғана емес, жұмыс істеп жүрген орта буын медицина мамандарына да (фельдшер, мейірбике т.б.) жоғары оқу орнына түсу үшін облыс əкімі гранттарын тағайындау мүмкіндігін қарастыру жөнінде ұсыныс айтылды.

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Ғұмарұлы төралқа отырысын қорытындылап, кеңейтілген отырысқа дейін ұсынымдарды тағы да пысықтауды тапсырды. Айта кетейік, айдың соңына жоспарланған жиында облыстық қоғамдық кеңес мүшелері жергілікті атқарушы органға нақты ұсынымдарын жеткізеді.

Image
27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]