Бүгін БҚО Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының бірінші орынбасары Аманқос Жұбаныш, аталған департаменттің басқарма басшысы Бауыржан Ибрашевпен кездескен облыстық қоғамдық кеңес мүшелері Айгүл Есекенова, Данильбек Саратов жəне Біржан Кухаев халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне жүргізілген мониторинг жұмысына сараптама жасады.
Қоғамдық кеңес мүшелері мониторинг қорытындысы бойынша анықталған мəселелерді тиісті сала басшыларының қатысуымен төралқаның алдағы отырысының күн тəртібіне енгізуге ниетті.