Оның алғашқысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатысты болды. Облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның мəліметіне сүйенсек, аталған жоба қанатқақты үлгіде жүзеге аспақ. Жоба аясында мектептер салу есебінен оқушы орындарының тапшылығы, апатты мектептер жойылады жəне үш ауысымды мектептер мəселесі шешіледі.
— «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында БҚО бойынша жалпы сыйымдылығы 16 800 орын болатын 14 мектептің құрылысы қарастырылып отыр. Оның 11-і қалада болса, үшеуі ауылдарда бой көтереді. Бүгінгі күні 9 мектептің жер телімі дайын, 5 білім ордасының жер телімі рəсімделуде, — деді Айгүл Əділгерейқызы.
Облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері жобаның маңыздылығын ескере отырып, қолдау көрсетті. Жиында сондай-ақ, БҚО əкімдігінің бірқатар қаулыларына өзгерістер енгізу мəселелері талқыланып, БҚО Қоғамдық кеңесі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары пысықталды.