Open
Басты бет Барлық жаңалықтар "Мемлекеттік əлеуметтік тапсырысты мониторингілеу жəне бағалау"

«Мемлекеттік əлеуметтік тапсырысты мониторингілеу жəне бағалау»

04.11.2022
102

Осындай атаумен облыстық Қоғамдық кеңес жанындағы диалог алаңының отырысы өткізілді. Оған облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің өтініші негізінде ұйымдастырылған іс-шараға облыстық мəслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева, облыстық басқарма басшылары, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұймдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Алдымен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Ғалиев баяндама жасап, қоғамдық ұйымдармен байланыс орнатуда мемлекеттік органдардың мүдделілігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.

— Облыс əкімі мемлекеттік əлеуметтік тапсырыстың тиянақты əрі сапалы ұйымдастырылуы туралы нақты тапсырмалар жүктеп отыр. Кейінгі уақытта жүргізілген оңтайландыру жұмыстарының нəтижесінде бірқатар басқармалар МƏТ (мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс) аясында ұйымдастырылып келген бір реттік іс-шаралардан бас тартты. Нəтижелілігі төмен, ал шығыны көп ондай іс-шаралардың орнына бір жылдық, тіпті екі, үш жылдық жобаларға зор көңіл бөлгеніміз дұрыс, — деді Ерлан Ерсайынұлы. Ол қазіргі таңда өзектілігі жоғары тақырыптар, атап айтқанда еңбек адамдарын ұлықтау, қоршаған ортаны қорғау, жастарды жат қылықтардан, есірткілік заттардан аулақ болуға шақыратын пайдалы жобаларды жүзеге асыру жоспарланғанын, қоғам тарапынан түсетін басқа да ұсыныс-пікірлерді талқылауға дайын екенін жеткізді.

Жиында «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі дайындаған «БҚО-да мемлекеттік əлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша аналитикалық есеп таныстырылды. «Мемлекеттік əлеуметтік тапсырысты қалыптастырудан бастап нəтижелерді мониторингілеуге дейін» жобасының үйлестірушісі Салтанат Тұманбаеваның сөзінше ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың бір бөлігі əлі күнге дейін мемлекеттік əлеуметтік тапсырыстың түпкі мəнін терең түсінбейді. Оның айтуынша бұл — үкіметтік емес ұйымдарды қолдау емес, ең алдымен əлеуметтік мəселелерді шешу құралы. Сараптамалық есепке зерттеудің мəн-мақсаты, жүргізілген талдау жұмыстары, анықталған кемшіліктер бойынша нақты ұсынымдар енгізілген.

«Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Мұштанова БҚО-да мемлекеттік əлеуметтік тапсырыстың тиімділігін арттыру аясында коммерциялық емес ұйымдар секторымен өзара іс-қимыл бойынша 2022-23 жылдарға арналған Жол картасын көпшілік назарына ұсынды. Құжат еліміздегі тəжірибелі сарапшы-заңгерлермен бірлесе дайындалған. Жол картасында əр түрлі деңгейдегі МƏТ мəселелерін зерделеу, талдау, оны іске асыруға жауапты мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен лоттарды қалыптастыру рəсімінің тиімділігін арттыру, тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы тиімді қарым-қатынастарды қалыптастыру жəне тағы басқа міндеттер айқындалып, оларды жүзеге асыруға арналған іс-шаралар мен мерзімі белгіленген.

Жиналғандар мемлекеттік əлеуметтік тапсырыстың тиімділігін арттыруға қатысты ой-пікірін ортаға салды. Олар өңірдің өз ерекшеліктерін ескере отырып, аса қажетті жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын сөз етті.

— Бүгін пайдалы басқосу болды деп ойлаймын. Бастысы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың байланысы берік болуы қажет. Облыстық Қоғамдық кеңестің бұл бағытта жоспары бар, біз алдағы отырыстардың бірінде бұл тақырыпқа ораламыз. Соңында ізі жоқ, пайдасы жоқ бір реттік іс-шаралардан арылып, кешенді жобаларға көңіл бөлгендеріңіз өте құптарлық. Бүгінгі айтылған ой-пікірлерді ескере отырып, мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдарды жолдаймыз, — деді диалог алаңының отырысын қорытындылаған Ербол Ғұмарұлы.

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
Ask the director a question
* - Required fields
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]