«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар байқауына үкіметтік емес ұйымдармен қатар өзге де ірілі-ұсақты бірлестіктер, тіпті пәтер иелері кооперативтері де қатыса алады. Біздің ойымызша, коммерциялық емес ұйымдардың өзін бөле қарастыру қажет. Жалпы, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін реттейтін нақты заң керек». Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиева облыстық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуде осылай деді. Оның ойынша, үкіметтік емес ұйымдар — үлкен күш. Алайда әлі де болса азаматтық қоғамның осы бөлігі жан-жақты дамытуды, заңнамалық қолдауды қажет етеді.
Айта кетейік, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықовтың төрағалығымен өтіп жатқан жиынға облыстық және қалалық қоғамдық кеңес, БҚО Азаматтық Альянсы қауымдастығының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысуда.