Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Мәрлен Иманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ұрыс қимылдарына қатысушыларды қолдау қажеттігін алға тартты.
— Бұл туралы 2021 жылы Президент пәрмен берді. Мәселен, өңір бойынша Таулы Қарабақтағы ұрыс қимылдарына қатысқан 350-ден астам азамат бар. Арамызда мүгедектер де жоқ емес. Ай сайын жеті мыңға жуық теңге беріледі. Оның көлемін өзіңіз бағамдай беріңіз. Қоғамдық көліктерде жеңілдік жоқ. Санаторийлерге де солай. Осы мәселені тиісті орындарға жеткізсеңіз», — деді Мәрлен Ғилманұлы.
Айта кетейік, «БҚО бойынша Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің мүшелері түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін арттыруға атсалысады.