Open
Басты бет Барлық жаңалықтар ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

22.12.2023
146

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды.

Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға Қоғамдық кеңестің мүшелері, облыстық басқарма басшылары, қоғам белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде алты мәселе қаралды.

Бірінші «Батыс Қазақстан облысында 2023 жылдың өткен кезеңінің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов хабарлама жасады.

Департамент есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау шеңберінде 20 тексеру шаралары жүргізілгенін, нәтижесінде 15 мыңнан астам құқ бұзушылық (заңнамамен көзделмеген құжаттарды талап ету – 13025 және мерзімдерді сақтамау – 2630 және т.б.) анықталған. Департамент мемлекеттік қызмет сапасын бақылау аясында ақпараттық жүйелерге талдау арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді берушілердің бірінші басшылардың электронды-цифрлық қолтаңбаны пайдалану мәселесіне қатысты қашықтықтан мониторинг жүргізуде кемшіліктер бар болғанын жеткізді.

Осыған ұқсас бұзушылықтар Тасқала, Ақжайық, Бөрлі аудандары мен Орал қаласы әкімдіктерінде, Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасында орын алғанын жеткізді.

Сонымен бірге, денсаулық сақтау саласындағы көрсететін мемлекеттік қызметтерге жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталғанын, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері тікелей медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымы арқылы және «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асыруда 65 714 қызмет көрсетілген, оның ішінде 42 842 қызметке оң шешім қабылданса, 22 872 қызмет алу жөніндегі өтініштер бойынша бас тартылған (жалпы көрсетілген қызметтің 34,2%).

Сонымен қатар, талдау жүргізу барысында бірқатар проблемалық мәселелер анықталғанын, кемшіліктерді жою, алдын алу мақсатында заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу немесе тиісті ақпараттық жүйелерді жетілдіру жөнінде Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныстар жолданғанын жеткізді. Жиынға қатысқан БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Токсанов мемлекеттік қызмет көрсетуде жіберген кемшіліктерді түсіндіріп, осы бағытта жұмыс сапасын жақсартатынын айтты.

Департамент басшысы М.Байсалов «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау жұмысы қашықтан мониторинг нысанында бақылауды жүргізуге басымдық беретінін, қазіргі таңда, «Е-лицензиялау» және ИС ЦОН мониторинг ақпараттық жүйелерінің интеграциялау нәтижесінде қызмет көрсетуші мемлекеттік мекемесіне бармай бақылауды жүзеге асыруға болатынын жеткізді.

Сонымен қатар, Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық бақылау жүргізу ұйымдастырылғанын, осылайша, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының өкілдері, облыстық және аудандық қоғамдық кеңес өкілдері, облыстық және қалалық депутаттардың қатысуымен 27 қоғамдық бақылау іс-шаралары өткізілді, нәтижесінде 33 заң бұзушылық анықталып, ұсыныстар берілгенін айтты.

Қоғам белсенділерімен 38 қоғамдық қабылдаулар өткізіліп, нәтижесінде 800-ден астам тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша кеңес берілгенін жеткізді. Қоғамдық кеңес мүшелерін мемлекеттік қызмет сапасына қоғамдық бақылау жүргізу аясындағы шараларға белсенді қатысуға және ақпарат алмасуға шақырған Департамент басшысына қолдау білдірді.

Келесі қаралған мәселе «БҚО жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары туралы» БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысының орынбасары М.Нұрғазиев хабарлама жасады. Қоғамдық кеңес мүшелері жылу мерзіміне әзірлікті тамыз, қырқүйек айларында емес, мамыр айынан бастауды, жылу науқанына әзірлікті және өткізуді барлық деңгейде басшылардың жауапкершілігін арттыруды ұсынды. Қоғамдық кеңес мүшесі Д.Саратов «Жылу беру кезінде қалада ыссы судың болмайтыны, бірақ ыссы судың орнына салқын судың келіп тұратыны, тұтынушылар төлеген кезде ыссы су құнымен төлеген жағдайда не болатыны?» туралы сұрағына, басқарма орынбасары М.Нұртазиев «Ондай артық төлемді тұтынушы өтініш жазып, қайтарып алуына болатынын» жеткізді.

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 тамыздағы №188 «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» – БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Нарымбетов баяндады.

Қоғамдық кеңес мүшелері «БҚО жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары туралы» және «БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» ұсыныс жасауды қолдады.

Бүгінгі басты мәселенің бірі қоғамда әр түрлі пікір туғызған, қарапайым қала тұрғындарының Зенит» зауыты сатылатын болыпты т.б. пікірлері негізінде облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері бастамасымен күн тәртібінде қаралған «Орал «Зенит» зауыты» АҚ туралы болды. Бұл отырысқа елімізде осы саланы басқаратын, Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі А.Бейісбековтің онлайын қатысуының өзі облыстық Қоғамдық кеңес жұмысының маңыздылығын, өзіндік деңгейін көрсетті. Сөз берілген вице-министр Азамат Өмірзақұлы кіріспе сөзінде: «Биылғы жылы алғаш рет қорғаныс өнеркәсібін дамыту Мемлекет басшысының Жолдауында айтылды, Зауыт мәселесі неден басталды? Қазіргі уақытта зауытты жаңғырту және оны жаңа технологияға көшіру, бар өндірістік мүмкіндіктерін одан әрі дамыту мәселесі бар. Осыған орай инвестор жүгінген кезде біз онымен келіссөз жүргізуге дайын болдық. Олар зауыттың 85 пайыз акцияларын сатып алуға дайын, олар уәде беріп отырғаны зауытты модернизациялауға қосымша инвестиция жасау, қазіргі бар азаматтарды сақтап қалу, одан әрі оларды оқыту, Каспии бойында салынатын «Кеме жасау» жұмысына қатыстыру. Біздер тиісті құжаттарды әзірлеп, Ұлттық Экономика министрлігіне жолдайтын боламыз. Ұлттық Экономика министрлігі ол – Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы. Ұлттық Экономика министрлігі комиссияға шығарады. Комиссияны Премьер-министр басқарады. Комиссия жекешелендіру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда ғана біз инвесторлармен келіссөз жүргіземіз. Оның өзінде біз оны тікелей бір инвесторға сата алмаймыз. Ол заң талаптарына сай конкурс арқылы сатылады.

Алдағы уақытта Каспии жағасынан кеме жасау зауытын салатын инвесторға, «Зенит» зауытында тапсырыс алу үшін коперация құрамына қосу. Біздің түпкі ойымыз осындай.» – деді.

«Орал «Зенит» зауыты» АҚ бас директоры Қ.Мұқанов ұжымда 800 адам тұрақты жұмыс жасайтынын, өткен 30 жылда зауыт Каспии теңізінде қолданыста жүрген 34 әскери кеме және катерлер жасап шығарғанын жеткізді. Бірақ күштік құрылымдардың қазіргі сұранысына сай 1000, 1500 тонналық кемелерді шығаруға зауыттың мүмкіндігі жоқ, ол үшін зауыттың қуаттылығын арттыру, жаңа технологиялар мен өндірісті жаңғырту қажет екенін айтты. Директордың орынбасары В. Подхватилин зауытта техникалық парктің 1960-70 жылдардағы өндіріс құралдарын тозығы жеткен, болашақта жылына бір кеме жасау жоспары тұр, модернизациялау қазіргі сұранысқа сай жұмыс жасау үшін бірінші кезекте инвестор қажет екенін жеткізді. 2-3 жыл бұрын зауытқа тапсырыс болмай, жұмысшылардың ақысыз демалысқа шыққандары туралы, ал бұл жағдай егер зауытта модернизация болмаса жиі қайталануы мүмкін екенін жеткізді.

Бұл мәселе жөнінде Қоғамдық кеңес мүшелері, «Қазіргі экономикалық жағдайға, елдің бюджетіне, нарықтық экономикаға байланысты негізгі қызмет профилін, қазіргі жұмыс орындарын сақтап, «Зенит» зауытына жаңа технология әкеліп модернизациялау, бақылау акциялар үлесін мемлекеттік басқаруда болу шартымен, шетел инвестициясын тарту туралы Министрлік ұсынған шараны қолдау» үшін көпшілік дауыс берді.

Келесі «Батыс Қазақстан облысының уақыт белдеуі туралы» мәселеде БҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Әділдік жолы РҚБ-нің ОРАЛ қаласы филиалының заңгері Б.Ахметжан және қоғам белсендісі хабарлама жасады. Өндіріс басшысы Б. Шакимов, инженер құрылысшы Асхат Хайрушев және Қоғамдық кеңес мүшелері өз ойларын ортаға салды.

Бұл қаралған мәселеде батыс өңірін бір сағатқа кері көшу жөнінде жасалған ұсынысты кеңес мүшелері қолдады.

Келесі «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» 2012 жылғы 11 қыркүйектегі №166 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» мәселеде Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының басшысы Т.Нығметов хабарлама жасады. Мәселені талқылаудан кейін, Қоғамдық кеңес мүшелерінің көпшілігі қарсы дауыс беруіне байланысты «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі №166 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ұсыныс мақұлданбады.

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
Ask the director a question
* - Required fields
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]