Open
Басты бет Барлық жаңалықтар БҚО-да кей елді мекенде мектептер қаңырап тұр...

БҚО-да кей елді мекенде мектептер қаңырап тұр…

07.12.2023
166

Жақында облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, басқарма басшылары, кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

212c29c6-54ed-440a-8e69-00d41b50cb02

Кеңес отырысында бірнеше мәселе қаралды. Алдымен облыстық қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрия Ғайтпаева 2024-2026 жылдарға арналған облыс бюджеті туралы баяндады.

– 2024 жылға облыстық бюджет түсімдері мен шығыстарының жалпы есебі 364,8 млрд теңге болды. Өзіндік кірістерден 86,6 млрд теңге, трансферттер түсімдерінен 252,2 млрд теңге және басқа да кірістерден 26,1 млрд теңге болып отыр. Ал 2024 жылы облыстық бюджет шығыстары әлеуметтік мәселелерді шешуге, нысандардың басталған құрылыс жұмыстарын жалғастыруға және аяқтауға арналмақ. Бұл ретте инвестициялық жобаларды іске асыруды ескеріп, әлеуметтік салаға 220, 9 млрд теңге, яғни бюджеттің 60,5 пайызы бағытталған. Жалпылама атап айтсам, білім беру саласына – 182,9 млрд теңге, денсаулық сақтау саласына – 8,9 млрд теңге, әлеуметтік қамсыздандыруға – 18,3 млрд теңге, мәдениет, спорт және ақпарат саласына – 10,8 млрд теңге. Оның ішінде медициналық ұйымдарды жабдықтауға шамамен 3,1 млрд теңге, ал 12 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуге 1,1 млрд теңге, сондай-ақ химия, биология, физика, STEM-зертхана кабинеттерін жабдықтауға 2,2 млрд теңге бағыттау жоспарлануда. Қорғаныс, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 9,3 млрд теңге, ауыл және орман шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, ветеринария және жер қатынастарын дамытуға 43,2 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті қолдауға 2,1 млрд теңге, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен отын-энергетика кешеніне шамамен 27 млрд теңге, өңірде көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстарына 32,4 млрд теңге бағыттау көзделіп отыр, – деп мәлімдеді Нұрия Ханзадақызы.

 Кеңес мүшелері облыстық бюджеттің кіріс-шығыстарына қатысты сұрақтарын қойып, кейбір жасалған болжамдар мен жоспарлар жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді жұмсау мәселесі де көтерілді. Бұл білім нысандарына да тікелей қатысты болатын. Осы ретте облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин кей ауылдарда мектептердің құрылысын бастамас бұрын сол елді мекеннің демографиялық әлеуетін нақтылау қажеттігін дәлел-дәйек келтіре айтты.

– Негізінен, мұндай нысандарды салуды жоспарлағанда әуелі экономикалық тиімділігіне назар аударамыз. Сонымен қатар елді мекендердегі бала санының кейінгі 5 жылдағы өсімін де есептейміз. Өкінішке қарай, өзіңіз айтып отырған Сырым, Жаңақала аудандарына қарасты елді мекендерде кезінде бағдарлама бойынша салынған мектептер қазір қаңырап бос тұр. Бұл бірінші кезекте бала санының күрт азаюына байланысты. Сондықтан елді мекендерде білім нысандары мен мәдени ошақтарды қажеттілігіне қарай салған дұрыс, – деді Тілепберген Ерсайынұлы.

Келесі кезекте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Төлегенова халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы баяндап берді. Оның айтуынша, Орал қаласында заманауи стандарттарға сай келетін 150 орындық әлеуметтік оңалту орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр. Орталықтың  құрылыс жұмыстарын келесі жылы толығымен аяқтау жоспарланған.

4e735631-fc8c-44c5-9878-e695b6cd7d2e

– ҚР Әлеуметтік кодексі бойынша көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында бірқатар жұмыс атқарылуда. Қараша айының 1-індегі жағдайға сәйкес бүгінде өңірімізде 12 906 көпбалалы отбасы бар. Оларға республикалық бюджеттен бала санына байланысты ай сайын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыс бойынша табысы аз және көпбалалы отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру, олардың қиын жағдайдан шығуына жәрдемдесу мақсатында 2020-2023 жылдар аралығында Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Шыңғырлау аудандарында және Орал қаласында отбасын қолдау орталықтары ашылды. Биыл атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарында 819 көпбалалы отбасы болды. Жалпы АӘК алушы отбасылар саны былтырмен салыстырғанда 28,1 пайызға азайды. Тұрғын үй көмегі бойынша 827 отбасыға 20,1 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Олардың қатарында зейнеткерлер, жалданып жұмыс істейтіндер, жұмыссыздар, мүгедектігі бар адамдар, аз қамтылғандар және басқа да санаттағылар бар. Сонымен қатар мүгедектігі бар жандарға аудандар мен Орал қаласында әлеуметтік тапсырыс аясында

Төрт бағыт бойынша «Инватакси» қызметі көрсетілді. Биыл қараша айындағы есеп бойынша өңірде 5638 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды. Әлеуметтік кодекске сәйкес әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау мақсатында жұмыстар жоспарланып отыр, – деп түйіндеді Альмира Мұхитқызы.

f5329606-7d25-47b0-b2e3-adcf5458ee06

Кеңес мүшесі Нұрлан Сәдір (суретте) өңірдегі отбасын қолдау орталықтарында көрсетілетін қызметтердің халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызметтерден артықшылығы жоқ екенін, осы төңірегінде сараптама

жасау керектігін айтты. «Қазіргі кезде облыстағы отбасы орталықтарының қызметіне сұраныс көп. Сонымен қатар

орталықтарға жүгінген адамдардың біраз мәселесі оң ше­шімін табуда. Десе де, нақты жоспарлы көрсеткіш жоқ екенін жасырмаймын. Сіздің сұрағыңызды және ұсынысыңызды ескереміз», – деп жауап берді басқарма басшысы Альмира Мұхитқызы.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Луара Батырғалиева «Батыс Қазақстан облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы №91 қаулысына өзгеріс енгізу мақсатында қаулы жобасы қайта дайындалғанын мәлімдеді.

– Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға 2024 жылға мемлекеттік білім беру тапсырысына 27, 2 млрд теңге қаржы қарастырылған. Жалпы мектепке дейінгі балалар ұйымдары бойынша жан басына шаққандағы норматив, яғни бір баланы асырауға жұмсалатын орташа шығын көлемі ауылдық жерде 60 119 теңге болса, қалада 53 878 теңгені құрап отыр. Ал былтыр ауылдық жерде 50 347 теңге, қалада 45 603 теңге болған, – деді Луара Қайрекенқызы.

«Қазіргі кезде жеке балабақшалардың төлемақысы мемлекеттік балабақшалардікінен екі есе қымбат. Ата-аналардың балаларын амалсыз апаратынын байқап та жүрміз. Сондай-ақ жеке балабақшалар кімнің бақылауында?», – деген сұрағын қойды кеңес мүшесі Айнұр Арыстанова.

– Мемлекеттік тапсырысқа жеке балабақшалар қатысады және ондағы бұйрықтың талаптарын орындауға тиісті. Оларды тікелей бақылауда деп айту қиын. Егер де кез келген төтенше жағдай немесе педагогтерге қатысты жағдайлар орын алса, мекеме басшылығымен бірлесе жүріп шешеміз. Ал енді қылмыстық жағдайға қатысты ішкі істер құрылымдарына хабарланады. Олар тексеруге құқылы, – деп жауап қатты Луара Батырғалиева.

Аманжол Исламғали,

«Орал өңірі»

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
Ask the director a question
* - Required fields
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]