Өңір бюджетін нақтылау мақсатында өткізілген облыстық қоғамдық кеңестің отырысында Айгүл Есекенова осылай деді. Мемлекеттік қызмет саласын жетік білетін Айгүл Оразқызы облыстық қоғамдық кеңесте де өзінің бай тəжірибесін танытып келеді. Бұл жолы ол жергілікті атқарушы орган өкілдерінің азаматтық қоғамның үнін естіртетін кеңеспен байланысын сөз етті. «Біздің қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде жауапкершілігіміз зор. Əріптестерімнің қай-қайсысы да ауыл-елге сыйлы азаматтар. Олардың əрқайсысының артында сөзіне құлақ асатын, пікірімен санасатын түрлі санаттағы қоғам өкілдері бар. Осы орайда күн тəртібінде күйіп тұрған мəселелерге қатысты ресми ақпаратты, жергілікті биліктің қам-қарекетін қоғамдық кеңес мүшелері де уақытылы біліп отыру керек. Жасыратыны жоқ, кейде қарапайым халық түгілі өзіміз де өзекті мəселелерге қатысты сала басшыларының жауабын дер шағында ести алмайтын жағдайлар кездеседі. Естіген күннің өзінде де талдау, таразылау жағы кемшін түсіп жатады. Қазір заман басқа, уақыт талабы да мүлдем бөлек. Көкейтесті сұрақтар көшеде емес, кеңседе шешілуі үшін мемлекеттік орган басшылары бізбен барынша белсенді байланыс орната алуы керек», — деді Айгүл Оразқызы.
Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Ғұмарұлы да əріптесінің сөзін қостады. Ол алдағы уақытта азаматтық қоғамның үні бұдан да жарқын шығатынын, халықтың саяси белсенділігі артпаса, кемімейтінін жеткізді. «Алдағы уақытта ауыл-елдің мұң-мұқтажы мен талап-тілегін құзырлы органдарға жолдап, оңтайлы шешілуіне ықпалдасатын облыстық қоғамдық кеңес те құзіретін кеңейте отырып, жаңа мүмкіндіктерге ие болады. Осы ретте əрбір басқарма басшысы аталған құрылымның отырыстарынан қалыс қалмай, бірлесе жұмыстануға дайын болу қажет. Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жергілікті жерде жүзеге асырудың өзі де атқарушы биліктің қоғамдық кеңеспен тығыз қарым-қатынасына тікелей байланысты», — деді Ербол Ғұмарұлы.