Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Атап айтқанда Қоғамдық кеңестердің құрамын жасақтау жəне өкілеттігін арттыру, уәкілетті органды анықтау, қоғамдық бақылауды жүргізу процедурасын реттеу, қоғамдық кеңестердің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету, квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құру бағытында айтарлықтай оң өзгеріс бар. Дегенмен, əлі де болса пысықтайтын, тарқата түсетін тұстар жоқ емес. Бүгін облыстық қоғамдық кеңестің ІІ шақырылымдағы құрамымен кездескен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мəлік Құлшар мен Светлана Имашева төменгі палата қарауында болып, кейін мақұлданған маңызды құжаттың шығу тарихына тоқталды. 2015 жылы қабылданған Заңға жыл басында енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жұмысты жандандырып, консультативтік-кеңесші органның дербестігін қамтамасыз етуді көздейтіні жан-жақты түсіндірілді. «Қоғамдық кеңестердің қызметі маған етене таныс. Аталған бағыттағы Заңға уақыт талабына сай өзгерістер енгізу туралы жобаға өңірден өзіміз де ұсыныс-пікірімізді жолдаған едік. Бірі қабылданып, енді бірі уақыттың еншісіне қалды. Дегенмен, заң шығарушы органның өкілі ретінде қоғамдық кеңестердің қызметін оңтайландыру ісін заңнамалық қамтамасыз етуге əлі де атсалысамыз. Азаматтық қоғамның үні қай кезде де маңызды. Қоғамдық кеңестердің құзыреті күшеймесе, кемімейді», — деді Мəлік Иманқұлұлы. Оның əріптесі Снежанна Валерьевна бұл бағыттағы сауалдарды өзі хатшысы болып табылатын Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне жолдауға болатынын жеткізді.
Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов II шақырылым құрамының 87 пайызы үкіметтік емес ұйым өкілдерінен тұратынын, жаңа заңнамада азаматтық қоғамның əлеуетін арттыруға ерекше екпін түсірілгенін тілге тиек етті. «Көкейде жүрген көп мəселе қамтылған. Алайда кей түйткілдер толығымен тарқатылды деуге əлі ерте. Мəселен, қоғамдық кеңестер қызметінің кейбір аспектілерін қаржыландыру, хатшы лауазымы үшін төленетін еңбекақыны қайта қарау қажет деп санаймын. Тағы бір мəселе, біз қызмет барысында облыс деңгейін айтпағанда, түрлі министрліктерге де хат жолдап отырамыз. Өкінішке қарай, кейбір орталық органдардан кері байланыс байқалмайды.», — деген Ербол Ғұмарұлы салалық министрліктерге жолданған хаттардың «тағдырына» жеке-жеке тоқталды.
Айта кетейік, каникул уақытында жолға шыққан халық қалаулылары «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында әзірленген жол картасының өңірде орындалу барысына зер салады. Орал қаласынан бөлек, кестеге сай барлық ауданда болып, жұртшылықпен жүздеседі.
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚҰЗЫРЕТІ КҮШЕЙМЕСЕ, КЕМІМЕЙДІ
19.08.2021
229
27.09.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24
Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24
Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24
Құрметті отандастар, барша халайық!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24
Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24
Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24
Құрметті батыс қазақстандықтар!
Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24
Құрметті батысқазақстандықтар!
Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24
Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!
Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…