Биыл Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021-2022 оқу жылына техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау мақсатында жергілікті бюджет қаржысы есебінен 57 мамандық, 27 біліктілік бойынша 3512 тапсырыс жарияланған. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықовтың төрағалығымен өткен консультативтік-кеңесші органның төралқа отырысында БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Зəуре Ғұмарова мəлімдеді. Оның айтуынша тек мемлекеттік емес, жеке колледждердің де мемлекеттік қызмет нысанына сəйкес конкурстық құжаттары қабылданып, қыркүйекке дейін оқушыларды қабылдау сатысы толығымен аяқталған.
Қаулы жобасымен жан-жақты танысқан төралқа мүшелері ой-пікірін ортаға салды. Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, ғылым-білім саласында елеулі еңбек сіңірген профессор, академик Ақсерік Əйтімов өзекті мəселелерге тоқталды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жаңа жолдауында білім мен ғылымға ерекше екпін түсіргенін айтқан Ақсерік Сарыұлы осы бағытта жұмысты жандандыру қажет деп санайды. «Уақыттың тегерурінді талаптарына лайықты жауап берудің бірден бір жолы — білім мен ғылым. Сұранысқа ие мамандықтарды оқытуға көп күш салуымыз керек. Болашақ геологтарды, цифрландыру мен мұнай-газ саласы мамандарын тəрбиелеу маңызды. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ететін кəсіби мамандарды қалыптастырып, уақытында оқытып-тоқытуымыз қажет», — дейді Ақсерік Əйтімов. Ол мұндай мамандарды оқыту үшін колледждер материалдық-техникалық базаның жоқтығы, яғни лицензия мəселесімен бетпе-бет келетінін сөз етті. «Қазір лицензия алу — қиынның қиыны. Ол үшін оқу жоспары стандартқа, ал стандартың оқу жоспарына сай болуы керек. Меніңше, оқу орындарына сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік беру керек. Лицензия алу талаптарын жеңілдету немесе уақытша мораторий жариялау қажет», деп түйіндеді төралқа мүшесі.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зəуре Ғұмарова мемлекеттік білім беру тапсырысы кəсіпкерлік палатасы, салалық басқармалар, жұмыспен қамту орталықтарының ұсынысы негізінде қалыптасатынын, əзірге жоғарыдағы мамандықтар бойынша өтініш болмағанын жеткізді. Көтерілген мəселенің маңыздылығына тоқталған салалық басқарма өкілі бұл бағытта жұмыстанатынын жеткізді.
Облыстық қоғамдық кеңес талқыланған тақырып бойынша БҚО білім саласындағы сапаны қадағалау департаменті мен облыстық білім басқармасына тиісті ұсынбалар жолдады.
БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ МЕН БҮГІНГІ ТАЛАП ҮНДЕСЕ МЕ?
21.09.2021
181
27.09.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24
Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24
Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24
Құрметті отандастар, барша халайық!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24
Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24
Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24
Құрметті батыс қазақстандықтар!
Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24
Құрметті батысқазақстандықтар!
Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24
Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!
Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…