Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар БҚО ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҮНДЕУІ

БҚО ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҮНДЕУІ

08.01.2022
198

Құрметті батысқазақстандықтар!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, бейбіт түрде айтылған талап-тілектің ешқайсысы ескерусіз қалмайды. Аз уақыт ішінде қабылданған шұғыл шешімдер — соның айқын дəлелі. Президент өз Үндеуінде 11 қаңтарда Мəжілісте елдің əлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуды көздейтін реформалар мен нақты іс-шаралар жоспарын ұсынатынын жеткізді.

Біз бейбіт түрде басталған шерулерді шиеленістіріп, қасақана қарулы қақтығыстарға ұластырған арандатушы топтың əрекетіне түбегейлі қарсымыз! Кəсіби қызметін атқара жүріп ажал құшқан құқық қорғау қызметкерлері мен әскерилердің отбасына, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Олар — нағыз батырлар! Ал Отанымызда ойран салғандармен ортақ мəміленің болуы мүмкін емес! Сондықтан мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың күштік құрылымдарға берген бұйрығы орынды деп санаймыз. Сондай-ақ, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшыларынан біріккен бітімгерлік күшті сұратуын да уақытылы əрі көкейге қонымды қадам деп есептейміз. Біріншіден, бітімгерлік күштер еліміздегі стратегиялық нысандардың қорғалуын және қызметін қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімге келді. Екіншіден, бұл біздің əскери əлеуетімізге сенімсіздік емес, саны да, сапасы да толық нақтыланбаған лаңкестерге Қазақстанның жалғыз емес екенін аңғартудың лайықты жолы деп те түсінгеніміз абзал.

Президент бүкіл еліміз бойынша конституциялық заңдылық орнатылғанын мəлімдеді. Дегенмен, босаңсуға болмайтынын да қаперге салды. ҚР Конституциясына сəйкес, мемлекет басшысының жарлығымен БҚО-да да төтенше жағдай енгізілді. 19 қаңтарға дейін қаулыда көрсетілген тəртіппен жүріп-тұру шектелді. Өңір тұрғындарын қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданған шектеу шараларына түсіністікпен қарап, ортақ тəртіпті бұлжытпай сақтауды сұраймыз!

Қадірлі қазақстандықтар!

«Ұйымдасқан ұтады, біріккен бітіреді». Баршаңызды тəуелсіздік жылнамасындағы тағдыршешті кезеңде бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай болып Президент Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдауға шақырамыз! Тəуелсіздікті тұғырынан тайдырғысы келетіндермен күрделі күресте біз мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен бірге екенімізді мəлімдейміз жəне отандастарымызды осы ой-пікірге қосылуға үндейміз!

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]