Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ҚЫРАҒЫЛЫҚТЫ ТАЛАП ЕТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ҚЫРАҒЫЛЫҚТЫ ТАЛАП ЕТТІ

30.09.2022
122

Ресей Федерациясында жарияланған ішінара мобилизациядан кейін көрші елдің 5 облысымен шектесіп жатқан аймағымызға келушілер саны күрт артты. Бұл үрдіс ел-жұрттың алаңдаушылығын туғызды. Осыған орай облыстық Қоғамдық кеңестің бүгінгі отырысы қалыптасқан жағдай жөнінде нақты деректерді білу және бұл бағытта атқарылып жатқан іс-шаралармен танысу мақсатында өткізілді. Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық еткен жиынға облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, құзырлы құрылымдардың басшылары, сондай-ақ қоғам белсенділері қатысты.

Отырыс барысында БҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дулат Малаев, ҚР ҰҚК ШҚ БҚО бойынша департаментінің аға консультанты Саламат Кенжеғұлов, БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ернар Сұлтанғалиев хабарлама жасады.

Облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері халықтың көкейінде жүрген сауалдарды жолдап, күн тәртібіндегі мәселені жан-жақты талқыға салды. Қоғам өкілдері ең алдымен құзырлы құрылымдардың қырағылығын күшейтуді қаперледі. Көрші елде ішінара жұмылдыру жарияланған сәттен, яғни 21 қыркүйектен бері елге келушілер туралы толыққанды мәлімет жасақтаудың маңыздылығы айтылды. Бұл ретте, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің пікірінше, аймаққа келген шетел азаматтарын арнайы есепке алу жұмысын жүйелі ұйымдастыру қажет.

— Дерекқорда жеке тұлғалардың денсаулық жағдайы, соттылығы туралы да нақты ақпарат болғаны дұрыс. Бұдан бөлек шекара шебінде жұмысты ширатып, шетел азаматтарының жеке ұстанымын, геосаяси жағдайға байланысты қалыптасқан түсінігін, интернет кеңістігіндегі көзқарасын да шолып шыққан артық болмайды. Ниет-пиғылы жат, мемлекеттік мүддемізге қайшы, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретіні анықталса, мұндай шетелдіктердің шекарадан аттап басуына мүмкіндік бермеу керек, — дейді облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов аймақтағы ахуалды жергілікті атқарушы құрылым жан-жақты қадағалап отырғанын жеткізді.

— Осыған дейін облыс әкімінің төрағалығымен шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің 3 отырысы өткізіліп, күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді. Әрине, аймақта тіркелген РФ азаматтарының саны шекара асқандардан әлдеқайда аз. Себебі, басым бөлігі өңір аумағын транзиттік бағытта пайдаланып отыр. Аймақ басшысы тапсырған маңызды мәселенің бірі – Ресеймен шекарадағы Қазақстан азаматтарын қайтару. Күні кеше өткен үйлестіру кеңесінің отырысында осы мәселені шешу бойынша облыс әкімі атынан Үкіметке ұсыныстар жолданды. Қалыптасқан жағдайға байланысты қоғамдық кеңес мүшелерінің талап-тілектері де орынды, баршамызға қырағылық пен ауызбіршілік қажет. Біз үшін жерлестеріміздің қауіпсіздігі мен көңіл-күйі бірінші орында. Көп ұзамай жағдай оңалар деп сенейік, — деді Бақытжан Хаберұлы.

Отырысты қорытындылаған облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов құзырлы құрылымдарға тиісті ұсынымдар жолданатынын жеткізіп, азаматтық ұстанымын танытқан қоғам белсенділеріне ризашылығын білдірді.

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]