Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар БАҒАНЫҢ ШЕКТІ МӨЛШЕРІ БЕЛГІЛЕНЕДІ-АУ, БІРАҚ...

БАҒАНЫҢ ШЕКТІ МӨЛШЕРІ БЕЛГІЛЕНЕДІ-АУ, БІРАҚ…

12.12.2022
125

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 4 мәселе қаралды. Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықовтың төрағалығымен өткен іс-шарада алдымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы тиісті сала өкілінің хабарламасы тыңдалды. Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатқалиевтың сөзіне сүйенсек, баға мөлшерін бекіту барысында статистикалық деректер негізге алынады. Бұл жолы арнайы комиссия майлылығы 2,5 пайыз болатын жұқа қаптамадағы айранның құнына қатысты ұсыным дайындаған.

Нарық заманында тауар құнын күшпен ұстауға ұмтылу қисынсыз көрінуі де мүмкін. Қалай десек те, халық күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу – жергілікті биліктің маңызды міндеті. Күн тәртібінде күйіп тұрған мәселеге орай төралқа мүшелерінің сауалы аз болған жоқ. Мысалы, облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева айраннан бұрын ұн, құмшекер және жұмыртқа үшін рұқсат етілген шекті мөлшерді белгілеудің маңыздылығына тоқталды. Өйткені, аталған тауарлар бағасының өсуі салдарынан өзге де өнім түрлерінің өзіндік құны қымбаттайды. Төралқа мүшесі тағы бір маңызды ұсынысқа назар аудартты.

— Жуырда мемлекет басшысының жарлығымен шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий 1 жылға ұзартылғаны белгілі. Демек, жергілікті атқарушы орган тарапынан бағалардың шекті мөлшері бекітілгенімен, оны тексеру-қадағалау үдерісі біз ойлағандай болмайды деген сөз. Мүмкін, біз бағасын нақтылап отырған әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын тексеруге мораторийдің күшін таратпау туралы ұсыным дайындағанымыз дұрыс шығар, — деді Бибігүл Тишанқызы. Облыстық мәслихат хатшысы тауарлардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі айналым схемасын зерделеп, жүйелі сараптама жасамайынша, бағаның құбылуы тоқтамайтынын тілге тиек етті.

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылым өкілдері тиісті топтарды, қоғам белсенділерін тарта отырып, биыл бұл іске білек сыбана кіріскенін, алайда нәтиженің көңіл көншітпегенін қынжылыспен жеткізді.

— Облыстық қоғамдық кеңес «Ел намысы» арнайы мониторинг тобы, облыстық мәслихат депутаттары, белсенді азаматтармен бірлесіп, облыс орталығындағы бірнеше сауда нысанын аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына зер салды. Мониторинг тобы ірі сауда орындарында да, дүкен-дүңгіршектерде де болды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жергілікті атқарушы билікке сауда үстемесі талаптарының сақталмауы, тауарларда баға жапсырмаларының болмауы сияқты заң бұзушылықтар мен ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының кем-кетігіне байланысты арыз жолданды. Онда шағым фотодеректермен дәлелденіп берілді. Өкінішке қарай, қала басшысына жолданған арыз бағынысты құрылымдарға допша домалап, ақыр соңында «тексердік, түсіндірдік, қадағалау жұмысы жалғасады» деген жауыр болған жаттанды жауап алдық. Әрине, біз жергілікті билікке мораторий қолбайлау болып отырғанын байқап отырмыз. Бірақ нақты арыз жолданған күннің өзінде ширақ қимылды көре алмағанымыз сенімімізге селкеу түсіріп отыр, — деді Ербол Ғұмарұлы. Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы тоқсан сайын белгіленіп отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының рұқсат етілген шекті мөлшері іс жүзінде тиімділігін танытпаса, келешекте мұндай құжаттарды қарай берудің мәні жоқ екенін хабарламашының қаперіне салды.

ТҰРҒЫНДАР ТАҢДАУЫ — «ҚҰМАҚСАЙ!»

Төралқа отырысында өңірдегі Теректі ауданына қарасты Новопавловка ауылдық округі мен осы аттас ауылды қайта атау туралы мәселе қаралды. Бұл туралы хабарлама жасаған облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Света Ғаниева аймақта ономастикалық атауларды ретке келтіру және идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды ұлттық танымға жақын атаулармен ауыстыру бағытында бірқатар іс-шаралар атқарылғанын айтты. Бұл жолы ол Теректі ауданының Новопавловка ауылдық округін Құмақсай ауылдық округі, Новопавловка ауылын Құмақсай ауылы деп қайта атау туралы облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен қаулы және шешім жобасын таныстырды.

— Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес ауыл тұрғындарының жиынында бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Тұрғындардың өздері «Құмақсай» атауын таңдап, басым көпшілігі қолдады, — деді Света Қадырбайқызы.

Төралқа мүшелері жобаны бірауыздан қолдап, келешекте де бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жалғасатынына сенім білдірді.

Жиында Деркөл кентінің Кордон және Ликвино ауылын таратып, Деркөл аумағына қосу туралы мәселе қаралды. Басты себеп – аталған елдімекендердегі тұрғындар өсімінің азаюы. Мысалы, Кордонда күні бүгінге барлығы 21, ал Ликвинода 6 адам тұрады. Екі ауылда да ешқандай әлеуметтік нысан жоқ. Барлық көрсеткіш бойынша қос ауылдың даму мүмкіндігі болмауына байланысты осындай шешім қабылданып отыр. Төралқа мүшелері, сондай-ақ, БҚО әкімдігінің «Өңірдегі орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы мәселені қарады.

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]