Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

12.02.2024
311

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында келелі мәселелер қаралды.

Жиында  өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталған мемлекет басшысы алдағы кезеңнің басты міндеттерін айқындап берді. «Макроэкономикалық көрсеткіштермен қатар халықтың нақты табысы да қарқынды түрде артуы керек» деген Президент сөзінен бұл жолы да халықтың жағдайына басымдық берілгенін байқадық.

Сонымен бірге бюджет және салық саясатының тиімділігін барынша арттыру қажет екенін және Үкіметтің алдында бюджетті тиімді басқару, оның өлшемдерін неғұрлым дұрыс болжау да басты міндет болып қала беретінін қадап айтуында еліміздің экономикасын жаңа қарқында дамыту, адамдардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту негізі көзделген.

Президент жиында ішкі және сыртқы инвестицияны айтарлықтай көбейтуде жаңадан үлкен міндет жүктелген Инвестициялық штаб жұмысын жақсарту, оның елге инвестиция тартуға қажетті біртұтас экожүйе қалыптастыруы керек екенін айтты. Сонымен қатар мемлекет басшысы еліміздегі өндірістің дамуына тың серпін беруді талап етті.

Тағы бір маңызды міндет – агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемдеп пайдалану. Ол үшін  инвестициялық жобаларға бөлінетін жеңілдетілген несиені 800 миллиард теңгеге жеткізу және жеңілдікпен лизинг беруге жыл сайын кемінде 450 миллиард теңге бөлінуге тиіс екенін айтты.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік сала мәселелеріне айрықша мән берілді және денсаулық сақтау жүйесінде қордаланған мәселелер де назардан тыс қалмады.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта шешімдерді шұғыл қабылдап, әр салада сан алуан жұмыстарды атқару жолдарын айқындап берді. Осы орайда жиында айтылған инвестиция тарту, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, мемлекеттік сатып алу, мемлекет пен жекеменшік серіктестігі, құрылыс саласын реттеу жүйесін реформалау ісін жүзеге асыруда мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қоғамдық кеңестер алдында да үлкен міндеттер мен жұмыстар тұрғанын сезіндік.

БҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы Е.Салықов

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]