Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің орынбасары Т.Каюпов, БАҚ өкілдері, облыстық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы N8-1 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Мәселе бойынша «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының басшысы Н.Есенғалиев хабарлама жасады. Ол өз сөзінде облыстық бюджетті 13,5 млрд теңгеге нақтылауды ұсынды. Оның 616,5 млн. медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, жас мамандарды қолдау мақсатында айталық, бұрын 5 млн теңге болса өткен жылдан жас мамандарды демеу қаржы 8 млн болғаны да ескерілді, ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық Ұлттық жобасы шеңберінде Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Сырым, Шыңғырлау аудандарының 8 денсаулық сақтау нысанының құрылысын қоса қаржыландыру және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым өткізуді аяқтау, Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысын қоса қаржыландыру, Орал қаласындагы 400 орынға арналған 31-мектеп аумағының абаттандыру жұмыстарын бастауға жұмсауға ұсынды.
Сонымен бірге 744,7 млн теңге БҚО Орал қаласы Круглоозерное ауылынан жоғары Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесіне су алу құрылымы ауданында Жайық өзенінде нығайту жұмыстары» объектісінің құрылысы нысанының құрылысын қоса қаржыландыруға, 9,4 млрд теңге халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын жайын сатып алуға, 2,7 млрд. теңге облыстық жергілікті атқарушы органының резервi, кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бағытына жұмсауға жоспарланғанын айтты.
Кейбір сұрақтарды түсіндіріп, нақтылап берген облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов ең бастысы адамдар аман екенін, бүгінгі қаралып жатырған мәселе мемлекет есебінен тасқын судан бүлінген, зардап шеккен ғимараттар, жерлестерімізге залал келтіргені бар, бір мезеттік әлеуметтік көмектер берілуі бар, қаралып жатырған қаражаттың барлығы осы су апатынан зардап шеккендерге қатысты екенін айтты.
Қоғамдық кеңес отырысында қаралған мәселелер бойынша кеңес мүшелері берілген сұрақтарға жауап алып, «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бірауыздан қабылданды.