Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!
Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін паш ететін мамыражай мереке.
Биыл бірқатар облыстың тұрғындары, соның ішінде батысқазақстандықтар да төтенше жағдайға тап болғанда тұтас ел Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімінің шынайы көрінісі ретінде жан-жақтан көмек қолын созды. Елдің елдігі мен бірлігі танылды. Мұндай асыл қасиет кім-кімнің де бойынан табылып, ынтымағымыз ырысты, бірлігіміз баянды болғай!
Ардақты ақжайықтықтар!
Бірлік күні әр шаңыраққа шаттық, бақ-ырыс, құт-береке тілейміз. Мереке құтты болсын!
Құрметпен, Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесі