Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.05.2024
307

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды.

Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері, облыстық басқарма басшылары және облыс әкімінің орынбасары Т.Каюпов қатысты. Отырыста 9 мәселе қаралды.

Күн тәртібінде облыстық бюджет туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы облыстық қаржы басқармасының басшысы Н.Есенғалиев хабарлама жасады. Облыстық бюджет 17 210 137 мың теңге көлемінде нақтыланды.

Бюджетті нақтылауда көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала және төтенше жағдайларды жою резервіне бөлінген қаражат қамтылған. Атап айтқанда әлеуметтік сала бойынша білім беру объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қаратөбе, Теректі, Ақжайық, Жаңақала және Тасқала аудандарындағы білім беру нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру, білім беру, мәдениет, спорт және қоғамдық даму ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көңіл бөлінген. Денсаулық сақтау саласында ұйымдарының күрделі шығыстары модульды құрамалы ғимараты, медициналық жабдықтар, Теректі аудандық емхана құрылысын жалғастыру және өңірде 15 денсаулық сақтау нысандарының құрылысын бастау жоспарланған.

Көлік инфрақұрылымын жақсартуда Казталов және Жаңақала аудандарындағы жолдарды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, Жаңақала ауданы Чапай — Жаңақала — Сайхын автомобиль жолының реконструкциялауды жалғастыру және Бөрлі ауданы Ақсай қаласында автомобиль жолдарының құрылысын аяқтау жобаланған. Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Теректі ауданы, Тоқпай ауылында 222 учаскеде орташа қысымды газ құбырын салуды жалғастыру, Орал қаласы, Ақжайық шағын ауданындағы кәріз сорғы станциясы, су бұру желілері құрылысын жалғастыруға және алаңішілік инженерлік-коммуникациялық желілерді салу мен абаттандыруды аяқтауды мақсат тұтқан.

Басқарма басшысы бюджет нақтылануында төтенше жағдайларды жоюға бөлінген қаражат үлесінің артуы су апатынан құлаған тұрғындардың үйін жөндеу, гидротехникаларды реттеу, бұзылған жол, инфрақұрылымдарды қалпына келтіру, сол кезде берілген жанар-жағармай, техника жалдау, адамдарды тамақтандыруды ұйымдастыруға жұмсалған шығындарды өтеуге бағытталатынын айтты.

Отырыста облыстық бюджетке өзгерістер енгізу жөнінде мәселені ұзақ талқыланған Қоғамдық кеңес мүшелері К.Капанов, Е.Салықов, М.Берген және басқа кеңес мүшелері қойған сұрақтарына облыс әкімінің орынбасары Т.Каюпов, басқарма басшысы Н.Есенғалиев жауап берді. Жобаны Кеңес мүшелері қолдады.

Келесі күн тәтібінде Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Мүлкәй облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2023 жылы атқарылған жұмысы және индикаторлардың орындалуы, 2024 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебінде өткен жылдың жылыту маусымында жоспарлы атқарғанын, алдағы жылыту маусымына дайындықтың басталғанын және осы екі, үш жылда 312 шақырым жылыту желілері, 4800 шақырым сумен жабдықтау құбырлары, 10 мың шақырым газбен қамту, бұрынғы жылдардан салыстырғанда көлемді электр желісі және 1139 өз алдына жеке қазандықтар іске қосылғанын айтты. Сонымен бірге қабылданған «Есеп су» бағдарламасы бойынша бір жыл көлемінде үкімет беретін субсидияның 300 млн. теңгесі үнемделгенін, оның бюджетке қайтарылғанын жеткізді. Жиын барысында 2019 жылы Қоғамдық кеңес отырысында қаралған РЭК-тің жеке меншіктен коммуналды меншікке ауыстыру мәселесі 2022 жылы шешілгені, ал тарифтерге әсер ететін кейбір аралық мекемелердің мәселесі 2025 жылдан өзгеретіні туралы айтылды. Мекеме есебі мақұлданды.

Күн тәртібінде қаралған 2024 жылға арналған облыс бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері келісілді.

Сонымен бірге облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. А.Губайдуллина науқастарды тегін дәрімен қамтуда созылмалы гепатит С және үш түрлі ауруға медициналық көмектің Республикалық бюджеттен берілуіне байланысты, облыстан бөлінген 274 млн. қаржыны ағза тіндерін трансплантация жасаудан кейінгі және бауырдың қатерлі ісігімен аурулы адамдарға жұмсауға маслихат шешіміне өзгеріс енгізуге ұсыныс жасады. Ұсыныс бірауыздан қабылданды.

Диханның егін өсіріп, мол өнім алуда қолданатын пестицидтердің, биоагенттердiң субсидияланатын тізбесі және ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы қаулыға өзгеріс енгізу туралы мәселелерді кеңес мүшелері қолдады.

Жаңа оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы облыстық білім басқармасының басшысы А. Мыңбаеваның ұсынысын кеңес мүшелері мақұлдап, уақыт талабына сай гидротехник және туризм саласын дамытуға мамандар даярлауды қатерледі.

Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі барлық мәселе бойынша талдау жасап, тиісті қарар қабылдады. Төраға жиынды қорытындылады.

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
20.03.24

ҚҰРМЕТТІ ХАЛАЙЫҚ, ҚАДІРЛІ ДОСТАР!

Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мерекесі, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін — әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]