Open
Басты бет Барлық жаңалықтар ƏЛЕУМЕТТІК ЖƏНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ТІЗБЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ƏЛЕУМЕТТІК ЖƏНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ТІЗБЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.05.2021
243

«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» компаниясы өңірдегі кейбір əлеуметтік жəне инфрақұрылымдық жобаларды (ƏИЖ) қаржыландырып келеді. Дəлірек айтқанда аталмыш компания ел Үкіметімен 1997 жылы жасалған ақырғы өнімді бөлісу келісіміне (АӨБК) сəйкес əрекет етеді. Құжат бойынша компания облыстық əкімдік ұсынған əлеуметтік жəне инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуына бюджет бөледі.

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев, Орал қаласының əкімі Абат Шыныбеков, аталмыш компания мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен БҚО қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында «ҚПО б.в.» есебінен қаржыландырылатын жобалар тізбесі талқыға түсті.

Кейінгі жылдары əлеуметтік жəне инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін қоғамдық кеңестердің талқысынан өткізу тəжірибесі кеңінен қолданысқа енгенін айтқан Мұхтар Наурызбайұлы осы орайда облыстық қоғамдық кеңестің мүшелеріне азаматтық белсенділік үшін алғыс білдірді.

«ҚПО б.в.» компаниясының əлеуметтік жəне инфрақұрылымдық жобалар бойынша менеджері Ержан Əубəкіров атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарды таныстырды. Оның айтуынша компания тарапынан бұл мақсатқа 23 жылдың ішінде 435 млн АҚШ доллары бөлінген. Былтыр Бөкей Ордасы, Жаңақала, Теректі аудандары мен Орал қаласында білім, спорт нысандары бой көтерген. Сондай-ақ, облыс орталығындағы Мұнай базасы ауданындағы көлік өткелі мен Əлия Молдағұлова көшесін күрделі жөндеу жұмыстары да осы жоба аясында жүзеге асқан. Биыл жоспарланған жобалардың бірі — Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы мен Бəйтерек ауданы Дариян ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу.

Шаһар басшысы Абат Абайұлының айтуынша, биыл Зачаган кентіндегі Орал-Атырау, Орал-Саратов шағынаудандарын абаттандыру жəне жарықтандыруға қатысты қос бірдей жоба жоспарланған. Оның аясында кентте жалпы аумағы 10 604 шаршы метр болатын аулалар абаттандырылады. Көгалдандыру жұмыстары да қатар жүреді. Автотұрақтар мен балалар ойын алаңдарын салу, су арықтарын орнату да ойластырылған. Жоба бойынша жарты шақырымнан астам автожол салынады. Жалпы ұзындығы 7 шақырымнан астам жерде 328 көше шамы орнатылады.

Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері жобалардың маңыздылығын ескеріп, қолдау білдірді. Алайда құрылыс сапасына жіті көңіл бөліну керектігін тағы бір мəрте қаперледі. Мəселен, облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері Бақытжан Нұрбаев пен Əлихан Досмұхамбетов ƏИЖ тізбесі бойынша салынған кейбір нысандардағы кемшілікті айтып, жауапкершілікті арттыруға шақырды. Абаттандыру жұмыстары жайлы пікір білдірген əріптесіміз Жұмажан Қожжанов көпқабатты үйлердің ауласында автотұрақтардың міндетті түрде болуын шегелеп айтты. Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Бибігүл Тишанқызы компанияның қаржылай қолдауымен салынған нысандардың кепілдік мерзімін кемінде 5 жылға дейін ұзарту туралы ұсынысын жеткізді. Қоғамдық кеңес мүшелерінен бөлек ниет білдірген БАҚ өкілдеріне де толғандырған сауалын қоюға мүмкіндік берілді.

Онлайн форматта өткізілген жиынды қорытындылаған облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Ғұмарұлы əріптестерінің əсіресе құрылыс сапасына қатысты ұсыныс-тілегі орынды екеніне тоқталды. Ол əлеуметтік жəне инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі бойынша құрылысы аяқталған нысандарды қабылдау комиссияларының құрамына қалалық жəне аудандық қоғамдық кеңестің өкілдерін енгізуді ұсынды. Отырыс соңында тиісті қарар қабылданды.

Image
Image
Image
27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
Ask the director a question
* - Required fields
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]