Аймақтағы ауылдарға жұмысқа жіберілген медицина жəне фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен осындай əлеуметтік қолдау көрсетіледі. Талапқа сəйкес, жұмыс берушімен еңбек шарты жасалған күннен бастап алғашқы үш жыл ішінде еңбек міндеттерін орындап жүрген қызметкерлер өтемақыны алуға өтініш білдіре алады. Ербол Ғұмарұлының төрағалығымен өткен облыстық қоғамдық кеңестің төралқа отырысында əлеуметтік қолдау көрсетудің тəртібі мен мөлшерін айқындау қағидасы талқыланды.
Алдағы уақытта аймақ тұрғындарының емделуі үшін өзге өңірлерге барып-келуін (жол жүру ақысын) қаржыландыру да жалғаса бермек. Бұл қолдау өңірлік комиссияның шешімімен немесе медициналық көрсеткіштері бойынша жолданған облыс тұрғындарына көрсетіледі.
Аталған мəселелер бойынша хабарлама жасаған облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Салтанат Сатыбаеваға қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан бірқатар сауалдар жолданды. Айталық, Данильбек Саратов пандемия кезеңінде міндетін атқара жүріп індет жұқтырған ақ желеңділердің өтемақы алу тəртібі мен барысы туралы сұрап, білді. Ал, Жұмажан Қожжанов елді мекендерде дəріханалардың жоқтығын, шалғай ауылдардың тұрғындарына тегін дəрі-дәрмектің кешеуілдеп жететінін айтып, алаңдаушылық білдірді.
Төралқа отырысында Жəнібек ауданының кейбір елді мекендерінің əкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу, атап айтқанда Тау ауылдық округіне қарасты Жігерелді мекенін тарату туралы мəселе қаралды.