Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арыстанова қоғамдық ұйымдарға қатысты бірқатар мәселені жіпке тізді. Оның айтуынша, көптеген тәжірибесіз ұйымдар әлеуметтік тапсырыстардың салмағы мен мазмұнына мән берместен, оңай ұтып алады.
— Әрине, бәрі заң аясында шығар. Алайда бұл жерде де сүзгі болу керек қой. Сондай-ақ, осыған дейін ұтқан лот бойынша алдын ала 30 пайыз қаржы алатын едік. Қазір ондай жеңілдік жоқ. Кез келген іс-шараны қарызданып-қауғаланып өткіземіз. Осы жағы реттелсе екен», — деді Айнұр Серікқызы.