Сіздерді əйелдер қауымының халықаралық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Əлемнің жарығын сыйлаған Ананың жүрегінен жұмсақ, алақанынан аялы ештеңе жоқ. Əженің мейірімі əлемді нұрландырады. Нəзіктік пен əдемілік, ақыл мен парасатты үйлестіре жүріп, жердің бетін бақытқа бөлей алған аналар мен арулар азаматтарға отбасының, Отанның игілігі жолындағы барлық істе қанат бітіріп, шабыт беріп келеді.
Бесік пен əлемді бірге тербетіп, тұрмысты келісті, жұмысты жемісті етіп жүрген асыл жандар да аз емес. Баршаңызға ерекше ілтипатпен ең ізгі тілектерімізді арнаймыз. Əрдайым көңілдеріңіз көктемдей құлпырып, жүздеріңіз жаздай жайнай берсін! Дендеріңіз сау, төңіректеріңіз түгел болып, бақытқа бөлене беріңіздер!
Шуақты мереке шаттық сыйласын!