БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында ауыл шаруашылығы саласына қатысты, соның ішінде тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар көлемін бекіту бойынша үш мəселе қаралды. Күн тəртібіндегі мəселелер туралы хабарлама жасаған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сатқан Өмірзақ жергілікті бюджеттен қосымша 3 млрд. 365 млн. теңге қаржының бөлінуіне байланысты мал шаруашылығына берілетін демеуқаржының бірақатар бағыты өзгергенін мəлімдеді. Төралқа мүшелері тарапынан нақты əрі өткір сауалдар қойылды. Мəселен, қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыруда тек минералды тыңайтқыштар емес, органикалық тыңайтқыштарды да кеңінен қолданудың маңыздылығына тоқталды. Бұл бағыттағы жұмыстың бəсеңдеп қалғанын, шаруаларды ынталандырудың деңгейі төмендеп кеткенін сөз етті. Сондай-ақ, шет елден шығу тегі асыл тұқымдыға сəйкес келетін ІҚМ аналық басын сатып алуға берілетін демеуқаржыны ел ішінде алудың мүмкіндігі сұралды. Ербол Ғұмарұлы малды қолдан ұрықтандыру жұмысы да саябырсып қалғанын сөз етті. Хабарламашы Сатқан Өмірзақтың сөзінше, ауыл шаруашылығы кооперативтері болмаса, жекенің қолындағы малды қолдан ұрықтандыру шығынын субсидиялау қарастырылмаған. Соған байланысты, қазіргі көрсеткішке де көңіл тояды деу қиын. Төралқа мүшесі Айгүл Есекенова мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл сайын шаруаларға миллиондаған субсидия бөлініп жатқанына қарамастан, мал шаруашылығы саласындағы мəселенің жиі қозғалатынын айтты. Демеуқаржыға қол жеткізген шаруалардың тыныс-тіршілігіне зер салып, мемлекеттік бағдарламалардың ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде ой қосты. Ауыл шаруашылығы басқармасы басшылығына жыл қорытындысы бойынша салалық сараптама əзірлеуді ұсынған төралқа мүшелері алдағы уақытта субсидиялау жұмыстарының ашықтығына қоғамдық кеңес тарапынан зер салатынын жеткізді.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МƏСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
14.01.2021
209
27.09.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24
Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24
Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24
Құрметті отандастар, барша халайық!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24
Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24
Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24
Құрметті батыс қазақстандықтар!
Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24
Құрметті батысқазақстандықтар!
Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24
Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!
Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…