Ауыл шаруашылығы саласы — экономиканы дамытудың негізгі драйвері. «Əлемнің əміршісі — еңбек» немесе «Берекені көктен емес, еткен еңбектен тіле» демекші, дала төсіндегі диқандар мен қыр басындағы қызметкерлерді қошеметтейтін бұл күнді ең алдымен еңбек мерекесі деп түсінеміз. Саланың тамырына қан жүгіртіп, еңбекті қыздырып жүрген жандардың деніне саулық, отбасына амандық тілейміз! Біз сіздерді мақтан етеміз!
Əлем елдерін əбігерге салған пандемия кезінде де сіздер, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, қалыптасқан қиындықтарға шыдас беріп, қайнаған еңбектің қақ ортасында жүрдіңіздер! Тəубе, аймақта астықты алқаптағы ағайынның еңбегі ақталып, биыл егін былтырғыдан да бітік шықты.
Мал шаруашылығы саласында судың тапшылығы, жем-шөптің жетіспеушілігі оңтүстік аудандарға оңайға соғып жатқан жоқ. Атакəсіпке адал ағайын өзекті мəселелерді өз күшімен шешіп, қыстық мал азығы дайындалды. Су мəселесі республика деңгейінде күйіп тұрғаны көпшілікке белгілі. Осындай қиындықтарға қарамастан төрт түлігін түгел өргізген шаруалар ауыл шаруашылығы жəрмеңкелерінде жерлестеріне құнарлы өнімді қолжетімді бағамен саудалап, қарайласып келеді.
Бұрын бақташылар бір-бірімен берекелі бәсекеге түсуші еді. Қарапайым еңбек адамдарына, қойшыларға құрмет ерекше еді. Сол дəстүрден жаңылмай, малшы ағайынның мəртебесін арттыра алсақ, оларды жас буынға үлгі ете алсақ, құба-құп.
Өйткені, ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлеріне құрмет — өзімізге құрмет, атакəсіпке адалдық, еңбекке тағзым!
Алдағы уақытта да өрісіміз малға, қамбамыз дəнге толып, ырызық-несібелеріміз арта берсін! Мереке құтты болсын!