Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, БҚО Қоғамдық кеңесі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті екіжақты байланысты одан əрі арттыруға уағдаласқан еді.
Бүгін өткен төралқа отырысында «Сыбайлас жемқорлық тəуекелдері Картасын» жүзеге асыру аясында жасақталған бірлескен іс-шаралар жоспары таныстырылып, мақұлданды. Оған сəйкес облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері аталған департаментпен бірлесіп, өңірдегі жер, экология, ауыл шаруашылығы, жолдар жəне инфрақұрылымыды дамыту салаларына мониторинг жүргізеді.
Айта кетейік, облыстық Қоғамдық кеңестің жанында Құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия жұмыс істейді.