БҚО қоғамдық кеңес мүшелері шағын құрамда жүздесіп, өздерінің қызметіне қатысты енгізілген заңнамалық өзгерістер жөнінде ой бөлісті. Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Ғұмарұлы мемлекет басшысы қол қойып, заңды күшіне енген түзетулер төңірегінде тарқатып түсіндірді.
Қоғамдық кеңес мүшелері Жұмажан Қожжанов, Алтынай Искалиева, Данильбек Саратов жəне Қуандық Мəдір жаңа заңнамалық нормаларды ризашылықпен қабылдағанын айтып, бұл қадам қоғамдық кеңестердің қызметін одан əрі оңтайландырып, жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.
Айта кетейік, заңдағы өзгерістер қоғамдық институттардың құқықтары мен міндеттерін кеңейтуді көздейді. Мысалы, квазимемлекеттік сектор мен сатып алу жұмысына азаматтық қоғам өкілдерін тарту қарастырылған. Сондай-ақ, өңірлерде жергілікті қоғамдық кеңестердің резервтік құрамын жасақтауға екпін түсіріліп, жұмыс тобының жетекшісі міндетті түрде азаматтық қоғамның өкілі болуы міндеттелген.