Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бұл мейрам еліміздің батыс өңірінде сақталған баба дəстүрі Көрісу күнінен бастау алғаны барша қазақстандықтың бірлігін бекемдей түсті. Бұл үлгілі үрдіс үзілмей, жыл өткен сайын жандана беретініне сенеміз.
Наурыз — жаңа күн, жыл басы. Бұл — ескі жылды ой елегінен өткізіп, жарқын болашаққа жаңа қарқынмен қадам басатын жаңару мен жаңғыру күні, ел-жұрттың амандығын тілейтін, адамдар бір-біріне кешіріммен қарайтын, қазақтың дархан даласындай кеңдіктің, береке мен бірліктің, ізгілік пен мейірімнің мерекесі.
Былтыр бірқатар қиындықпен бетпе-бет келдік. Пандемия əлі де басылар емес. Қашанғыдай қайырымдылық пен төзімділік, жауапкершілік пен ауызбірліктің арқасында бұл сынақты ел болып еңсере берейік! Ақ Жайық өңірінде тəу етер Тəуелсіздіктің 30 жылдығының еншісіндегі іргелі істер, жарқын жетістіктер көп болғай!
Жаңа жыл жақсылығымен келсін! Əр шаңыраққа бақыт, құт-береке тілейміз! Мал-жан аман, індетсіз заман болсын!