Баршаңызды мемлекеттік мереке — ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!
Егемен елдің еңсесін тіктеп, тəуелсіздік тұғырын нығайту жолында Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз. Тұңғыш Президенттің тағдыршешті шешімдері, батыл бастамалары ел мен жердің тұтастығын сақтауға, халық бірлігін бекемдеуге бағытталды. Шекарамыз шегенделді. Күллі әлемге бейбітшілік бесігі ретінде танылдық. Ұлтаралық достықтың туы биік көтерілді. Сарыарқаның сайын даласында жаңа астанамыз бой көтерді. Бұл — төл тарихты толықтырған іргелі істердің бір-екі мысалы ғана. Өңірдің еншісіндегі оң өзгерістер де аз емес.
Елбасының ел алдындағы қалтқысыз қызметі — отансүйгіштік сезімнің үздік үлгісі. Ал бұл күн — Тұңғыш Президенттің табанды еңбегін дəріптеу арқылы əрқайсымыздың, əсіресе жас ұрпақтың Отан алдындағы, тəуелсіздік жолындағы жауапкершілігін арттыра түсетін мерейлі мереке.
Қадірлі жерлестер!
Мереке күні баршаңыздың деніңізге саулық, айналаңызға амандық, əр шаңыраққа шаттық тілейміз! Отанымызды, өңірімізді өркендету жолындағы барлық бастамамыз берекелі болғай!
Құрметпен, Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесі