Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мейрам — Құрбан айттың басталуымен құттықтаймыз!
Ежелден ең асыл қасиетті, адамгершілік пен қайырымдылықты, жақсылық пен ізгілікті дəстүрлі дінімізден іздеген халқымыз имандылық жолынан жаңылған емес. Мейірімділік пен бірлікке үндейтін бұл мерекеге де мұсылман қауымы ерекше мəн беріп, ізгі амалдармен айшықтауға асығады. Айт күндері жоқ-жітікке жəрдемдесіп, қамкөңіл жандарға қамқорлық танытып, жақсылық жасап жарысқан жамағаттың сауапты істері берекелі болғай! Алла əр отбасының ризық-несібесін арттырсын! Төңірегіміз тыныш, айналамыз аман болсын! Ұлық мейрамда төрткүл дүниені тік тұрғызған тəжтажалдың тырнағына ілігіп, денесіне дерт жұқтырған жандарға да шипа сұрап, дұға етуді ұмытпайық! Шалған құрбандықтарымыз, берген садақаларымыз, дұға-тілектеріміз қабыл болғай!
Аңсаған алаңсыз өмірге тезірек оралып, айттан айтқа басымыз аман, бауырымыз бүтін жете берейік!
Құрметпен, Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесі.