Облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері — азаматтық ұстанымын танытып жүрген түрлі саланың өкілдері, айтары бар азаматтар. ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында бірқатар əріптесіміз жастармен жүздесіп, ой-толғамдарын ортаға салды.
Суретші, композитор, Дина Нұрпейісова атындағы саз мектебінің директоры Қуандық Мəдір жастарды үнемі өнер-білімге ұмтылуға, кітаппен дос болуға шақырды. Өнердің өз адамы кітапты онлайн оқудан гөрі қолыңа ұстап оқыған әлдеқайда əсерлі болатынын əдемі əңгімелеп берді.
Тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тəуелсіздік жылдарындағы тəуекелге толы құтты қадамдары туралы толғанды. Ол Тұңғыш Президенттің астананы Ақмолаға көшірудегі шешімінің саяси һəм идеологиялық мəніне тоқталды. Батыл бастамалардың жемісті болғанын нақты мысалдармен ұғынықты баяндады.
«Батыс Қазақстан облысы мүгедектерінің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмажан Қожжанов облыстық радионың мерекелік хабарына қатысты. Ол сұхбат барысында елдігіміз бен бірлігімізді сақтай отырып, алға қарай сенімді жүре түсу жолында Тұңғыш Президент күні мерекесінің мəн-маңызына тоқталды.