Open
Басты бет Барлық жаңалықтар КЕСАПАТПЕН КҮРЕСТЕ КҮШ БІРІКТІРЕМІЗ

КЕСАПАТПЕН КҮРЕСТЕ КҮШ БІРІКТІРЕМІЗ

05.08.2022
128

Бүгін БҚО Қоғамдық кеңесінің отырысына қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Амантай Рашқалиев қоғам өкілдерін кесапатпен күресте күш біріктіруге шақырды.

— Былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен 2022-20226 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді. Бұл құжатта да уәкілетті органның, яғни біздің, өздеріңізбен, саяси партиялармен, азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесе жұмыс істеу қажеттігі туралы нақты айтылған. Бұрын Агенттік жұмысында сандық қылмыстарды әшкерелеу жағы басым болса, бұдан былай сыбайлас жемқорлықтың салдарынан бұрын себебімен күресуге көп көңіл бөлініп отыр, — деді Амантай Елтайұлы. Ол қазірдің өзінде департаментке қарасты превенция басқармасы мен облыстық Қоғамдық кеңес жанындағы құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның арасында ашық әрі белсенді байланыс орнатылғанын, алда ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын тілге тиек етті.

— Облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері өңірдегі өзекті мәселелерді зерттеп, басы-қасында жүреді. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен азаматтық белсенділіктеріңіз біз үшін өте маңызды. Жуырда өңірде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы әзірленді. Бұл құжат қоғам дертіне қатысты қордаланған мәселелерді атүсті емес, жүйелі негізде шешуге бағытталған. Осы жұмыстарда бірлесе әрекет етейік!, — деді Амантай Елтайұлы.

БҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов консультативтік-кеңесші, байқаушы орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бірлесе жұмыстануға дайын екенін жеткізді.

— Біз қоғамдық бақылау іс-шаралары, атап айтқанда мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдау, қоғамдық сараптама, қоғамдық бақылау және мониторингілеу тетіктері арқылы заңмен белгіленген құзыретіміз шегінде жұмыстанамыз. Біздің комиссия мен департаменттің превенция басқармасы бірлесіп, іс-шаралар жоспарын дайындаса деген ұсыныс бар. Сол жоспардан ауытқымай жұмыстансақ, оң нәтижеге қол жеткіземіз деген сенімдеміз, — деді Ербол Ғұмарұлы. Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы қоғамдық бақылау іс-шараларына кеңес мүшелері ғана емес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ниет білдірген белсенді азаматтар да атсалысатынын айтты.

Айта кетейік, осы отырыста Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы таныстырылды. Бұл туралы алдағы жазбада жарияланады.

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
Ask the director a question
* - Required fields
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]