Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

15.02.2024
293

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысына облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, Қоғамдық кеңестің мүшелері, облыстық басқарма басшылары, БАҚ және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Күн тәртібі бойынша, «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының басшысы Н.Есенғалиев баяндама жасады.

Басқарма басшысы баяндамасында 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің нақтылануы бойынша қаражат бөлудің жалпы сомасы 30,4 млрд. теңгені, өзгерістерді ескере отырып, облыстық бюджет 469,9 млрд. теңгені құрағанын айтты. Оның әлеуметтік салаға 6,7 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде: денсаулық сақтауға – 2,8 млрд. теңге; білім беруге – 2,5 млрд.теңге; мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістікке – 1,4 млрд. теңге. Шығыстардың негізгі бөлігі мынадай іс-шараларға бағытталған: 50 бірлік санитарлық автокөлік, Орал қаласының №6 қалалық емханасына арналған ғимарат, Ақжайық, Қаратөбе және Бәйтерек аудандарының 5 медициналық пунктіне арналған модульдік конструкциялар, азаматтардың жекелеген санаттарын дәрі-дәрмекпен және азаматтарды елді мекеннен тыс жерлерде емделу үшін тегін және жеңілдетілген жол жүрумен қамтамасыз ету, Ақжайық ауданы Базартөбе ауылындағы мектеп ғимараттарын, Орал қаласындағы «Шаңырақ» жасөспірімдер үйін және Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрын күрделі жөндеуден өткізу, Ақжайық ауданы Базартөбе ауылының дәрігерлік амбулатория, Бөрлі ауданы Қарағанды ауылының фельдшерлік-акушерлік пункті құрылысын аяқтау, Қаратөбе ауданы Үшағаш ауылының медициналық пункті, Бөрлі және Қаратөбе аудандарының 2 денсаулық сақтау объектілері бойынша сыртқы инженерлік желілер салу, Жаңақала ауданында блоктық-модульдік ғимарат сатып алу жоспарланғанын қатерледі.

Ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер қатынастары және қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды және жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу, аудандық ветеринариялық станцияларға және орман шаруашылығы ұйымдарына автокөлік сатып алу, Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Теректі, Шыңғырлау және Бәйтерек аудандарының 11 су қоймасын көп факторлы зерттеу, сондай-ақ Бөкей ордасы, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Теректі аудандарының кен орындарының жерасты суларының қорларын қайта бағалау мақсатында барлаудың жұмыстарын аяқтау, орман шаруашылығының орман алқаптарын химиялық және биологиялық өңдеу, санитарлық тазалау жүргізу, құрғақ ағаштарды кесу және орман өрттерін ерте анықтау мақсатында 10 бейнебақылау камерасын орнату, Ақжайық ауданының Жайық өзенін, Орал қаласының Деркөл өзенінің жағалауын бекіту құрылысын аяқтау, Ақжайық ауданының Азынабай-Тайпақ суландыру жүйесін реконструкциялау және Теректі ауданындағы Жайық – Шалқар каналын Жайық өзенінен су тартумен реконструкциялауды бастау жоспарланған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа 5,9 млрд.теңге бағытталды.

Көлік инфрақұрылымын қаржыландыруға 5,3 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде: автожолдарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау, Орал қаласында қиыршық тасты мастив асфальт жайластыра отырып, қызмет көрсетілетін аркаға және 4 жолаққа жүктеме өлшеу кешенін орнату, Барбастау-Ақжайық-Индер автожолын қайта жаңғыртуды аяқтауға қаржы жоспарланғанын жеткізді.

Облыстық бюджетке енгізілетін өзгерістерді талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшесі Б.Нурбаев жоспарланған «Орал – Тасқала трассасы және Шымкент – Самара бағытында Оралдан – шекараға дейін республикалық маңызы бар ақылы жолдар туралы өз ойын айтты. Мысалы «Біздің өндіріс орнына Погодаев карьерінен күніне 15 жүк көлігі 4 рейстен тасыған саздан, керамзит аламыз. Ол керамзиттен құрылысқа сапалы кірпіштер, үй төбесін жабатын плита т.б. құрылыс материалдардын жасаймыз. Ақылы жолға байланысты өндіріс шығындары көбейеді, құрылыс материалдардың құны артса, салынған құрылыс құны, үйлерде қымбаттайды, одан айналып келгенде тұрғындар зиян шегетін болады. Мемлекет басшысы сөзінде орта, шағын бизнесті дамыту арқылы 2029 жылға қарай ЖІӨ екі есеге арттыруды жоспарланған еді, бұл жағдайда өндіріс тоқтап қалуы мүмкін. Сондықтан жергілікті өндіріс орындарының жүк көліктеріне жеңілдіктер қаралғаны жөн» – деді.

Өңірде бизнес, кәсіпкерлік мәселенің өзекті екеніне және ол өндіріс шығындарын көбейтуге, шығаратын құрылыс материалдардың өзіндік құнын қымбаттауға, айналып келгенде пайдаланушыға, тұтынушыға әсер ететін болса, облыстық кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі комиссияның қарауына, облыс әкімдігіне және тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс беруге келісілді.

Сонымен бірге бюджетті талқылау кезінде Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Өркен және Садовое ауылдарында әлеуметтік жобалар аясында КПО (б) компаниясы 2023 жылы салған мектептерді білім саласының балансына алу туралы ұсыныстары берілді.

Кеңес мүшелері «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізуді толық қолдады.

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]