Облыстық Қоғамдық кеңестің отырысында «Компания есебінен болашақ мамандар дайындау мақсатында студенттердің оқу ақысын өтеу бағдарламаларының жүзеге асырылу жағдайы туралы» тақырыбында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының үкімет органдарымен байланыс жөніндегі бөлімінің басшысы Серік Дошаевтың жəне «Жайықмұнай» ЖШС-ның бас директоры Жомарт Даркеевтың баяндамалары тыңдалып, талқыланды.
Облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері күн тəртібіндегі мəселені жан-жақты талқылап, бірқатар ұсыныс берді. Атап айтқанда ашықтықты қамтамасыз ету, ақпараттық сүйемелдеу, өңірлік квотаны көбейту, комиссия құрамын кеңейту, студенттерді жергілікті оқу орындарында оқытуға басымдық беру, сұранысқа ие мамандықтар тізбесін жаңарту жəне тағы басқа бағыттар бойынша бағдарлама шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды. Тиісті қарар қабылданды.