«Nur Otan» партиясының алдағы бес жылға арналған бағдарламасының сапалы, мазмұнды дайындалғаны байқалады. Осы уақыт аралығында құжаттағы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін 21 триллион теңге қаржы бөлінеді.
Елде құрылыс қарқын алады. Құрылыс материалдарын өндіретін біздің кəсіпорынның ұжымы үшін бұл жақсы жаңалық. Өйткені, тапсырыс үзілмеген жерде еңбеккерлер де тұрақты жұмыспен қамтылып, лайықты жалақысын алады.
Мемлекет басшысының «бизнеске заңсыз кедергі жасаудың кез келген əрекеті ауыр қылмыспен пара-пар» деп, кəсіпкерлерге қолдау танытқаны қанаттандыра түсті. Себебі, біз, бизнес өкілдері, кей жағдайда қадағалаушы құрылымдардың қысымына ұшырап, қолдан жасалған кедергілермен бетпе-бет келетініміз жасырын емес. Парақорлыққа апаратын мұндай қадамдар экономиканың дамуын тежейді.
Партия бағдарламасы қоғамның көңіл-күйін байқастап, елдегі тұрақтылықтың баянды болуы үшін нақты іс-қимылды реттеген. Жастарға айрықша көңіл бөлінгені қуантты.
Мəжілке арналған партиялық тізім де көңілден шықты. Жасарған, жетпіс пайызға жаңартылған. Расында да 4-5 шақырылым бойы «отырып қалған» депутаттар бар еді. Ал, жаңартылған тізімде жастар, əйелдердің де үлесі ескерілген.
Праймеризді ұйымдастырып, өткізу арқылы да жетекші партия жақсы үлгі көрсетті. Бұрынғыдай емес, кандидаттар да ел алдында додаға түсіп, бір жағынан ысылып, бір жағынан жауапкершілікті сезініп шықты. Нәтижесінде, қоғам алдында беделі бар тұлғалар биіктен көрінді. Бұл оң өзгерістер əрі қарай дамуымыз үшін қажет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, бұл тәуекел қадам кей жағдайда сынға ұшыраса да, қорытынды кезеңге лайықты үміткерлер іріктелді. Мысалы, біздің өңірден оза шапқан азамат Мəлік Иманқұлұлын өте танымал қоғам қайраткері, елге сыйлы тұлға ретінде танимын. Тарихшы Жаңабек Жақсығалиев пен дәрігер Сəбира Сүндетова да ел аманатына адал болатынына бек сенімдімін.
Бақытжан Нұрбаев,
«Құрылыскомбинат» ЖШС директоры,
Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі.