Құрметті батысқазақстандықтар!
Өздеріңізге белгілі, БҚО қоғамдық кеңесі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізіп, өз құзыреті шегінде тиісті құрылымдарға нақты ұсынбалар əзірлейді.
Бүгін кеңес мүшелерінің бір тобы бас қосып, денсаулық сақтау саласын мониторингілеудің алгоритмін айқындады. Оның ішінде əлеуметтік желі арқылы да облыс тұрғындарының көзқарасын анықтау жоспарланды. Осыған орай, өңірдегі медициналық қызметтің сапасына қатысты өз ой-пікірлеріңізді (ұсыныс, шағым, тілек) төменге қалдырсаңыздар! Алдын ала рақмет!