Құрметті жерлестер!
Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз!
Осыдан отыз жыл бұрын ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның Қарулы Күштері құрылған еді. Күні кеше өткен мерекелік салтанатты жиында мемлекет басшысы «Бұрын-соңды болмаған әлемдік геостратегиялық шиеленіс жағдайында еліміздің қорғаныс қабілетін арттырудың мәні зор», — деп, саланы одан əрі жаңғыртудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Қазақстан — бейбітшілікті жақтайтын, барлық елмен достық қарым-қатынасты қалайтын жəне бұл ниетті жоғары жауапкершілікпен жүзеге асырушы мемлекет. Ал еңсе тіктеген егемен елді, ата-баба аманаттаған кең байтақ жерді көздің қарашығындай қорғау — əр қазақстандықтың қасиетті борышы.
Осы күні ең алдымен Қарулы Күштеріміздің ардагерлері мен əскери қызметшілерді құттықтаймыз! Сарбаздар мен сардарларға еліміздің қауіпсіздігі мен бейбіт күнімізді қорғау жолында зор сенім артамыз. Сондай-ақ қорғаныс саласы әлеуетін арттыруға үлес қосып жатқан кәсіпорындар қызметкерлеріне де жаңа жетістіктер тілейміз!
Қадірлі жерлестер!
Бұл мерекенің маңызы айрықша. Бұл күн бəрімізді де жердің иесі, елдің тірегі ретінде ата-баба аманатына адал болуға үндейді. Бүгінгідей бейбіт өмірде əрқайсымыз өз қызметімізді адал атқарып, отбасымызды қамқорлап, осы арқылы Отанымызды қорғауға, өркендетуге атсалыса берейік! Күніміз шуақты, қорғанысымыз қуатты болғай!
Құрметпен, Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі