БҚО Қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында «БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы ереже қаралды. Өзгеріс ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мəселелері туралы» қаулысына сəйкес жүзеге асып отыр.
Күн тəртібіндегі екінші мəселе — БҚО əкімдігінің 2015 жылғы 13 сəуірдегі №98 «БҚО-да коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы. Бұл бойынша хабарлама жасаған облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бисенғали Хайруллин жаңа Экологиялық кодекске сəйкес өзгеріс еніп жатқанын мəлімдеді.
Төралқа мүшелері қос мəселе бойынша да қолдау білдірді.