Сіздерді Қазақстан Республикасында қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтілетін еліміздің Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен өзімнің және облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан шын жүректен құттықтаймын!
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады. Батыс Қазақстан облысының да ауыл шаруашылығы саласының негізгі бағыттары егіншілік және мал шаруашылығы болып табылады. Дәнді дақылдардан басқа, күнбағыс, зығыр, мақсары сияқты азықтық және техникалық дақылдарды өсіруге де көңіл бөлінеді. Бақша шаруашылығы және жеміс дақылдарын өсіру облысымыздың ауыл шаруашылығында да өз орнын алады.
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде, еліміздің азық-түлік бағытының дамуына агрономдар, мал мамандары, бағбандар, комбайнерлер мен тракторшылар, сауыншылар және басқа да еңбеккерлер, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен басшылары, ғалымдар, фермерлік шаруашылықтардың, сондай-ақ, соңғы өнім өндірісі тікелей ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге байланысты аралас салалардың қызметкерлердің еңбегінің ерекше маңыздылығын ерекше айтқым келеді.
Дастарханымызда нан, ет, сүт, май өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек тағы басқа құнарлы, сапалы тағамдардың мол болуы — осы адамдардың ерен еңбегінің нәтижесі.
Сіздердің отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, жемісті жұмыс, еңбек жолында жетістік және жаңа белестер тілеймін!
Құрметпен,
БҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы
Ербол Ғұмарұлы Салықов