Баршаңызды бүгінгі кəсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Ұлт ұстазы, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының «газет — халықтың көзі, құлағы һəм тілі» деп берген бағасы кешегі қоғамның ғана көзқарасы емес. Өйткені, қазіргі кезең мен келешекті де ақпаратсыз елестету мүмкін емес. Замана дидары құбылып, жүйрік уақыт талабы мың түрлі мамандыққа қатысты өз «түзетулерін» енгізген күннің өзінде де журналистика — өзектілігін жоймайтын өміршең сала.
Əлеуметтік желілердің əлеуеті артып, кез келген азаматтың мəлімет таратуға мүмкіндігі молайған уақытта жұртшылыққа жедел əрі сапалы ақпарат жеткізіп жүрген кəсіби журналистердің жауапкершілігі жоғары бағаға лайық.
Өңірдегі баспасөз, телеарна қызметкерлерінің барлығын құттықтай отырып, жағымды жаңалық көп болғай дейміз. Шығармашылық табыс тілейміз! Əрқашан айтарыңыз құнды, күніміз нұрлы болғай!